ИСИМ баскесерлері мысырлық христиандарды өлім жазасына кесті
ИСИМ баскесерлері мысырлық христиандарды өлім жазасына кесті
10 жыл бұрын 3401

ИСИМ-нің содырларына ақпараттық қолдау білдіріп отырған Twitter аккаунт ресурсының хабарлауынша, радикалды террористік топтың баскесерлері бұрын Ливияда аталған топ қанышерлерінің қолына түскен мысырлық балықшы христиан коптарды (21 адам) Жерорта теңізінің жағалауында жаппай жазалаған. Яғни, түгел бастарын кесіп тастаған. Осы қанды оқиғаға байланысты Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас-Сиси азаматтары үшін кек алатыны жөнінде мәлімдеме жасап, жеті күндік аза тұту күнін жариялаған болатын. ИСИМ содырларының қолынан опат болған мысырлық христиан коптарды өткен жылдың желтоқсан айының соңы мен үстіміздегі жылдың қаңтар айының бас кезінде Ливияның Сирт қаласында ұрлап әкеткен еді. Мысыр президентінің мәлімдемесінен кейін Ливия аумағындағы ИСИМ нысандарына, атап айтқанда, жаттығу лагеріне, сынақ алаңына, қару-жарақ қоймасына әуеден соққы берілді.

0 пікір
Мұрағат