Пәкістан 22 елмен қос азаматтықты қолдады
Пәкістан 22 елмен қос азаматтықты қолдады
17 күн бұрын 1106 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан парламенті әлемнің 22 елінің азаматтығын алғандарға пәкістан азаматы болып қалуға да мүмкіндік беретін заңға 2024 жылы енгізілген түзетуді, дәлірегі, азаматтық туралы заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ереже өз кезегінде рұқсат етілген 22 елдің азаматтығына ие болған азаматтарға пәкістандық азаматтығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ақпаратты Пәкістанның көші-қон және төлқұжат жөніндегі бас басқармасы растады. Пәкістан азаматтығынан бас тарту қажеттілігін талап етпейтін 22 елдің арасында Америка құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Еуропа мен Таяу шығыстың бірқатар елі кездеседі. Бұған дейін Пәкістанмен осындай келісімдер бірнеше елмен ғана болған. Қазір бұл тізімге Франция, Германия, Швеция, Иордания сияқты елдер қосылды. Бұл өзгеріс шетелде тұратын көптеген пәкістандықтарға құқықтық кедергілерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, Пәкістан үкіметі Түркиямен де осындай келісім жасауда. Сыртқы істер және ішкі істер министрліктері арасында Анкарамен қосарлы азаматтық жоспарын пысықтау бойынша келіссөздер жалғасуда.

0 пікір
Мұрағат