Иранның пайдалы қазба қоры 55 млрд тоннаға жетеді
Иранның пайдалы қазба қоры 55 млрд тоннаға жетеді
4 жыл бұрын 3608 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Парсы елінің өнеркәсіп министрінің орынбасары Әлірез Шаһид ел аумағынан анықталған пайдалы қазба қорының шамамен 55 млрд тоннаға жететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, әлем елдерінің тау-кен өндірісі рейтингісінде пайдалы қазбаның 81 түрі бар Иран минералды ресурстарға бай. Осылай дей келе ол өткен жылы пайдалы қазба қорын анықтау бойынша барлау операциясы 150 мың шаршы шақырым аумақты қамтығанын жеткізді. Ал биыл бұл көрсеткіш екі еседен жоғары – 300 мың шаршы шақырымнан асады. Жалпы есепте Иранда жылына шамамен 470 млн тоннадан аса пайдалы қазба өндіріледі. Әлемдегі қазба байлықтың сегіз пайыздайы Иран аумағында шоғырланған. 

Қарай отырыңыз:

«Ирандағы декоративті тастың қоры қанша» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/irandagy-dekorativti-tastyn-qory-qansha-13701/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат