Иранға әскери экономика керек
Иранға әскери экономика керек
6 жыл бұрын 2901 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ тарапынан салынған санцияға қарсы Иран әскери экономикасымен ғана қарсы төтеп бере алады. Бұл бағытта аталған елдің салыстырмалы түрде алғанда сәтті жүзеге асырылған тәжірибесі барын да айты кету керек. Бұл жайында vesti.ru ақпарат көзі талдау материалын жариялапты. Иранның бұл бағытта тәжірибесі бар дейтініміз, Иракпен арадағы табаны күректей сегіз жылға созылған соғыс кезінде Иран билігі экономикалық менеджментті жүзеге асырды. Бұл өз кезегінде әскерилердің де, азаматтардың да қажеттілігін өтеді. Сол соғыстағы халықтың табандылығы мен ынтымақ-бірлігі, ұлттық тұтастығы елдің әскери жанжал мен экономикалық қиындықтарға қарсы тұруына көп көмектесті. Сол кездегі соғыстың тым қымбатқа түскеніне әрі ұлттық табыстың аз болуына қарамастан қазіргі уақытта салыстырмалы түрде табысы көп ирандықтар бүгінгі күні көріп отырған қиындықтарды бастан кешкен жоқ еді. Мұның сыры неде? Мұның сыры өте қарапайым: ұлттық рересус салыстырмалы түрде әділ бөлінді бүгінгі күнге қарағанда. Бүгіндері ғой ұлт ресурсын олигархтар мен мафия монополиялап, бір өзі бауырына басып, иемденіп алғаны. Иран билігі әскери экономиканы құру үшін біршама тер төгуіне тура келеді. Атап айтқанда, экономиканың нақты секторын жаңғыртуы тиіс, дәлірегі, өндіріс пен ауыл шаруашылығының қызметін жолға қоюы тиіс. Айталық, билік халыққа қажетті ауқымды жобаны қолға алуы тиіс. Мәселен, тұрғын үй бағдарламасы. Табысы аз ел тұрғындары үшін бағасы төмен мұндай бағдарлама көптеген экономика саласының жандануына түрткі болар еді. Қанша жұмыс орны ашылар еді. Нақтырақ айтқанда, бір ғана тұрғын үй бағдарламасы арқылы 200 кәсіпорынның жұмысына жан бітірер еді. Ахмениджад ел басқарып тұрғанда қолға алынған, яғни, мемлекет тарапынан қаржыландырылған тұрғын үй  құрылысы үй бағасын өсірмей ұстауға әрі тұрмысы жүдеу 4,4 млн азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, ел экономикасының өсуіне әрі жұмыссыздықтың азаюына серпін берген еді. Иран экономикасын жандандыру үшін, сондай-ақ, билік экспорттың артуына күш салып, импорттың орнын отандық тауарлармен алмастыруы қажет. Тек тұтынушылық әрі өндірушілік бағыттағы тауарларды импорттауға болады. Мұқтаждық тудырмас үшін. Әскери экономиканы сәтті жүзеге асырудың тағы бір кілті - елдің ақшасы мен банк жүйесін бақылауда ұстау. Яғни, қаржы секторын қадағалап отыру. Көлеңкелі қаржы мекемелерінің қызметіне тосқауыл қою, заңмен қудалау, сонымен қатар, коммерциялық банктердің банктік емес алаяқтық қызметіне жол бермеу арқылы да көп нәрседен ұтады. Ақша жасау, яғни,  ақша массасына бақылау орнату коммерциялық банктерден Иранның орталық банкіне өтуі тиіс.  Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Бөліп қаржыландырудың ағылшын-саксондық үлгісін ала отырып, ақша жасау құзыреті тек Иранның орталық банкі мен үкіметке ғана байланысты емес, сонымен қатар, коммерциялық банктердің қызметіне де тәуелді. Мысалы, коммерциялық банктер өз клиенттеріне несие бергенде. бұл арада қарыз ақша пайда болады. Бұл ел жағдайын ойлауы тиіс үкіметтің нақты ақшасынан алыс жатыр. Әлбетте, банк ақшасы нақты ақша болмаса да ол қолданыста бар ақша. Теориялық тұрғыдан алғанда банк жүйесінің қарзы ақшаны жасау қабілеті үй шаруашылығынан және кәсіпорыннан алатын жинақ ақша мен салым ақшаның мөлшеріне байланысты. Ал нақты өмірде несие ақшасы депозиттегі қаражат сомасымен немесе орталық банктың ақша массасын реттеуімен шектеліп қалмайды. Әлемнің көптеген капиталистік елдерінде ақша массасын бақылау, ұлттық экономиканы қаржыландыру құзыреті коммерициялық банктердің еншісінде қалып отыр. Кейінгі кезде бұл тенденцияның уақыт талабына жарамайтыны, тіпті, қауіптілігі айтылып жүр. Өйткені, коммерициялық банктер жасаған ақша көбіне нақты өндіріске емес, алаяқтық операцияларға қазмет етіп жүр. Ұлт экономикасын казиноға айналдыратын мұндай қадамнан алыс болу үшін Иран билігі коммерциялық банктердің қызметіне шектеу қоюы тиіс. Қысқасы, Иран билігі, халықаралық сауда-аттықты, банк қызметін, қаржы нарығын, валюта нарығын, ақша массасын, табиғи ресурсты түгел бақылауда ұстауы тиіс. Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғаумен қатар елді индустрияландыру жоспарына ден қойғаны абзал. Сддам Хұсейн басқарып тұрған тұста Иракпен соғыс кезінде сәтті жүзеге асырылған әскери жағдайдағы экономиканы қолға алу үшін аса бір біліктілік қажет емес (тәжірибе барын меңзеп отырмыз), тек саяси ерік-жігер мен тиімді басқару құралдары мен тетіктерін қолға алу керек.  

0 пікір
Мұрағат