Иранда гемопоэтикалық діңгекті жасушаны трансплатациялау бойынша 12 мыңнан аса ота жасалған
Иранда гемопоэтикалық діңгекті жасушаны трансплатациялау бойынша 12 мыңнан аса ота жасалған
4 жыл бұрын 3245 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі күнге дейін парсылар елінде 12 мыңнан аса гемопоэтикалық діңгекті жасушаны трансплатациялау бойынша ота жасалған екен. Бұл үлкен жетістік. Бұл жайында шиғалар елінің вице-резиденті жанындағы діңгекті жасушалар ғылымы мен технологиясын дамыту жөніндегі штаб хатшысы Әмір Әлі Хамидия мәлім етті. Осы орайда оқырманға түсінікті болу үшін гемопоэтикалық діңгекті жасуша дегеніміз не екенін түсіндіре кетеміз: гемопоэтикалық діңгекті жасуша (кейде гемоцитобласт деп аталады) ми сүйегінің жасушалары, оны дифференциялау (саралау) нәтижесінде эритроцит, тромбоцит және лейкоциттің түрлері секілді қан жасушаларын алуға болады. Әмір Әлі Хамидия, сондай-ақ, Иранда гемопоэтикалық діңгекті жасушаны трансплатациялау бойынша алғашқы ота 1990 жылы Теһран қаласындағы медициналық университет қабырғасында жасалғанын әрі 2007 жылы аталған жоғарғы оқу орнында гемопоэтикалық діңгекті жасушаны трансплатациялау бөлімінің ашылғанын жеткізді. Осылай дей келе ол гемопоэтикалық діңгекті жасушаны трансплатациялаудың енді-енді пайда болып келе жатқан қатерлі ісікті, иммун тапшылығын, зат алмасудың бұзылуын, қан ауруларын қоса алғанда емі жоқ 70-тен аса ауруды емдеуде тиімді жолы болып табылатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, мұндай ота жасатудың құны Еуропа мен АҚШ-та 400 мыңнан 1 млн долларға дейін барады. Иран Таяу Шығыс аймағыда гемопоэтикалық діңгекті жасушаға қатысты технологиясын жетілдіру бойынша көш басынан көзге түскен ел. Бұл салада Иранның алдына түскен ел жоқ аталмыш аймақта. Сөзінің соңында ол соңғы жылдары діңгекті жасуша саласында жұмыс істейтін инновациялық компаниялардың қарасы 100-ге жеткенін мақтанышпен мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат