Иранда әйелдердің интернеттегі құқығы шектелмек
Иранда әйелдердің интернеттегі құқығы шектелмек
2 жыл бұрын 1745 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық санкцияларға ұшыраған ArvanCloud компаниясы Иран үкіметіне «зарарсыздандырылған» интернет құруға көмектесуде. Қазіргі уақытта билік елдегі қоғамдық наразылықтарды басудың барлық тәсілін қолдануға көшкен. Осы мақсатта ұялы байланысты өшіруге мәжбүр. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен аптада Еуропалық Одақ Иранның Abr Arvan немесе ArvanCloud бұлттық провайдеріне санкция салып, аталған компанияларды «цензураға және Иранның автократиялық билігінің интернетті бұғаттауға көмектесті» деп айыптады. ЕО-ның бұл шешімң әйелдерге бостандық пен құқықтарды талап еткен жалпыұлттық наразылық шерулерін мемлекет тарапынан басып-жаншу кезінде қабылданды. Осы уақытқа дейін шиғалардың қауіпсіздік күштері 340-тан астам адамның өліміне себепші болды, оның ішінде ондаған балалар да бар, бұдан бөлек, мыңдаған адам абақтыға жабылды. Сонымен қатар, билік ирандықтардың ақпаратқа қол жеткізуіне және таралуына жол бермеу үшін интернетті бұғаттап, электронды деректерді, әлеуметтік медиа платформаларын жауып жатыр. Иран  билігі өздерінің бұл радикалды әрекетін жуып-шаю үшін бүкіл әлемдік ғаламтор желісінен тәуелсіз, билікке қарсы келмейтін ұлттық интернет жобасын құруға кірісіп жатыр. Бұл тарапта Иранның жоғары киберкеңістік кеңесі 2016 жылы «Ұлттық ақпараттық желі» жобасын іске қосты, оның мақсаты дүниежүзілік желіден ажыратылған және Иран үкіметінің бақылауындағы интернет желісін құруға саятын. Алайда, Иран 2019 жылдың қараша айында 100-ден астам қалалар мен елді мекендерді дүр сілкіндірген наразылық шеруі кезінде бұл жобаның, дәлірегі,Ұлттық ақпараттық желінің жұмысы сәтсіз аяқталды. Осы орайда канадалық ақпараттық технология сарапшысы Саремифардың Парсы елінің ұлттық жобасының сәтсіз аяқталуын ирандық интернеттің тек кабелдер мен серверлерден ғана тұратынын әрі контенттер мен қызметтерінің сапасы сын көтермейтіндігімен байланыстырып түсіндірген еді. ArvanCloud бұған дейін цензураға қатысы барын жоққа шығарып, «тек бұлттық инфрақұрылымды қамтамасыз ететінін» және өздерінің технологиясының «Иранда немесе әлемнің кез келген жерінде интернетті шектеу немесе бұғаттау жобаларына ешқандай әсер ете алмайтынын» мәлімдегене болатын. Бұған қоса, ArvanCloud ол мазмұнды жеткізу желісі, бұлттық сервер, бұлттық қауіпсіздік, нысанды сақтау, бейне платформа және контейнерлік қызмет сияқты біріктірілген бұлттық қызметтерді ұсынатынын алға тартып ақталған еді. Дегенмен, өткен айда Германияның коммерциялық емес «Corrective» сараптамалық орталығы мен Taz және netzpolitik.org деп аталатын екі бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен зерттеуінен кейін ирандық жоба Германия билігінің назарын өзіне аударды, өйткені, ArvanCloud штаб-пәтері Германияда орналасқан Softqloud IT қызметтерімен қамтамасыз ететін филиалы болып шыққан еді. Дәлірегі, ArvanCloud Иранды жаһандық интернетке қосатын төрт сандық қосылым шлюзінің бірі болып табылады. Бұл бағыттағы тыңғылықты зерттеу парсы тілді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге, соның ішінде BBC парсы қызметі мен Fact Nameh веб-сайты жариялаған бірқатар есептерге негізделген. Онда ArvanCloud Әлі Хаменеидің Байланыс министрлігіне берген бұйрығымен іске қосылған Abr Iran жобасын жүзеге асыратын мердігерлердің бірі болғаны айтылған. 2021 жылдың наурыз айында жарияланған BBC Persian есебінде Иранның Байланыс министрлігінің екі ай бұрын Abr Iran жобасы бойынша жұмыс істеу үшін ArvanCloud және басқа компаниямен келісім-шартқа отырғаны хабарланғаны да белгілі болып отыр. Fact Nameh есебінде үкіметтің ресми хабарламаларына негізделген ArvanCloud компаниясы Abr Iran жобасы үшін бұлтты сақтау қызметтерін ұсынатыны айтылған. «Шын мәнінде, олар Ислам Республикасының «өзінің өмір сүруіне кепілдік беру» үшін режим қолданатын құралдардың бірі - негізінен Иран желісін жаһандық желіден ажыратуға бағытталған Ұлттық ақпарат желісін құру стратегиясын қолдайды», деп айтылған есепте.

0 пікір
Мұрағат