Иран жылына қанша текше метр газ өндіреді
Иран жылына қанша текше метр газ өндіреді
4 жыл бұрын 2968 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның мұнай және газ саласына жауапты министрліктің лауазымды өкілі Хасан Монтазерторбати ел аумағындағы газ өндірісінің жылдық мөлшері 250 млрд текше метрге жеткенін мәлімдеді.  Бұл көрсеткішті мұнай өндірісіне шаққанда күніне шамамен 4 млн-нан аса баррелге тең. Осылай деген ол осы жылдың соңына дейін газбен қамтылмаған бірде-бір қала қалмайтынын мәлімдеді. Мейлі қалалық жер, мейлі ауылдық жер болсын, тұрғындарын газбен қамтамасыз етуді көш басынан көрініп, бірінші орынға шыққан Иран билігі биыл халықтың 95%-ын газбен қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойды. Ал Иранның газ компаниясы тәулігіне орташа есеппен 700 млн текше метр газ өндірілетінін жеткізді. Былтыр бұл көрсеткіш тәулігіне 634 млн текше метрден аспаған болатын. Яғни, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш тәулігіне 69 млн текше метрге артқан. 2006 жылғы дерек бойынша Иран аумағында барланған әрі дәлелденген газ кенішінің қоры 32,3 трлн текше метрді құраған болатын.

0 пікір
Мұрағат