Иран факторы: АҚШ Иранның саяси-әскери құрылымының мәртебесін өзгертпек
|
Иранның ең ықпалды саяси-әскери құрылымы – «Ислам революциясының сақшысы» деп аталатын элиталық корпусының мәртебесін АҚШ билігі қайта қарастыратынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz портал Arab News ақарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Таяу шығыстағы қарулы қақтығыс аймақтарында белсенді әрекет етіп жүрген, дәлірегі, Саудия бастаған коалиция күштермен қақтығысқа түскен йемендік шиғалардың, сондай-ақ, Либиядағы және Сириядағы шиғалардың мүддесін қорғаумен айналысатын әрі аталған өңірлерде өз ықпалын кеңейтуді көздейтін Иранның таңдаулы күштік құрылымы турасында сөз блып отыр. Әлемдік державалар мүддесі тоқайласқан аймақтағы ықпалды саяси әрі әскери құрылым 2007 жылы АҚШ президенті Дональд Трамптың пәрменімен халықаралық террористік ұйым ретінде танылған болатын. Осылайша тарихта тұңғыш рет мемлекеттік құрылым террористік ұйым ретінде танылған еді. АҚШ ендігі жерде аталған құрылымның мәртебесін өзгертуді, дәлірегі, террористік ұйым тізімінен сызып тастауға дайын екенін жария етті. АҚШ билігі неліктен мұндай қадамға барып отыр? Сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ осылайша Иран билігімен «саудаласқысы» келеді – Таяу Шығыста «Ислам революциясының сақшасы» корпусының белсенді әрекетін тежеуді көздейді. Яғни, Иранның таңдаулы корпусының аймақтағы мәселелерге араласпауын талап етпек. Бұған Иран билігі көне ме? Бұл – бір. Екіншіден, кей сарапшылардың топшылауынша, АҚШ Иранның таңдаулы күштік құрылымының мәртебесін өзгерту арқылы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келісімдерге келуді көздеп отыр. Қалай дегенмен, АҚШ «Ислам революциясының сақшысы» корпусының мәртебесін өзгерту құқығын өзінде қалдыратын болады, яғни, аймақта АҚШ пен Таяу шығыстағы оның одақтастарының қолайына жақпайтын әрекетке барған жағдайда қайта террористік ұйым ретінде танитын болады. Ал бұл Иранның әскери әлеуетіне соққы болмақ, олай дейтініміз, қару-жарақ эмбаргосы (санкция түрі) салынады. АҚШ биігінің бұл қадамын Парсы шығанағындағы одақтастары, соның ішінде Израилдің наразылығын тудырып отыр. Израил билігі АҚШ-тың бұл әрекетін террористерге жәрдемдесумен бірдей деп айыптап отыр.