Иракта қалыңдықтың некелесу жасын екі есеге кемітті
Иракта қалыңдықтың некелесу жасын екі есеге кемітті
3 сағат бұрын 54 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ирак билігі тұрмысқа шығу жасын қайта қарап, ерте некелесуге рұқсат етті. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын қыз бала жасы 18-ге толмай тұрмысқа шыға алмайтын, енді қалыңдықтың некелесу жасын тоғыз деп бекітті. Шиғалық имамдарға шиғалар арасында беделді Жаппар "мәзхабын" басшылыққа ала отырып, неке қиюына рұқсат етілген. Бұдан бөлек, оларға отабасы  істерін, соның ішінде ажырасу процедурасын қарау, мұрагерлік мәселесіне байланысты туындаған дау-дамайды шешу секілді құзыреттер берілді.  Қабылданған түзету қоғамда талас-тартыс тудырды. Құқық қорғаушылар парламент тарапынан әзірленген әрі қабылданған бұл ереженің салдары ауыр болатынын әрі балалар құқығы бұзылатынын алға тартып, сынның астына алуда.

 

0 пікір
Мұрағат