Индонезия сукук шығарылымын арттырады
Индонезия сукук шығарылымын арттырады
10 жыл бұрын 3133

Үстіміздегі жылы Индонезияда даму бағдарламасының қабылдануына байланысты ел билігі экономиканың барлық саласын, соның ішінде инфрақұрылымды қаржыландыруды мықтап қолға алды. Осыған байланысты мемлекет ислами құнды қағазды, яғни, сукукты да айналымға шығаруды естен шығарған жоқ.  Жалпы сомасы 439 млрд долларды құрайтын даму бағдарламасы бойынша 30 дамба тұрғызылып, 2650 шақырымға созылатын автокөлік жолы төселеді, 15 әуежай салынып, 33 гидроэлектр станциясы іске қосылады және Суматра, Ява, Калимантан провинцияларында 3258 шақырымдық теміржол тартылады. Индонезия билігі 2015 жылы көптеген құрылыс жобаларына байланысты құнды қағаздарды айналымға шығару арқылы 7,14 трлн рупий инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұл көрсеткіш биыл 1,5 млн рупиді құраған болатын. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат