Халықаралық шариғат шәлісі күніне қатысты жаңалықтар
Халықаралық шариғат шәлісі күніне қатысты жаңалықтар
10 жыл бұрын 4633

Священник шариғат шәлісін жамылып жүргісі келетін христиан әйеліне ақ батасын берді 

Ақпанның 1-і күні әлемнің әр түкпірінде аталып өткен Халықаралық шариғат шәлісі күніне орай бастарына орамал тартқысы келетіндер арасында христиандардың да қарасы көп болды. Олардың кейбіреуі бұл акцияны шіркеуде бастаған болатын. Священниктер де қолдау көрсеткен бастама болды аталмыш акция. Әуел бастан христиан әйелдеріне де өздерінің діни сенімінде әмір етілген бұл бастама турасында Робин Трейси есімді АҚШ тұрғыны (суретте священникпен қатар тұрғаны – ред.) өз ойын былай білдірді: «Бүгін мен өзімнің пресветриан шіркеуінде жалбарындым. Пастор менің Халықаралық шариғат шәлісі күніне қатысқанымды құп көріп, қолдау көрсетті. Ол, тіпті, бұл шараға ерлердің қалай қатысуға болатынын да сұрады»,- деді. «Мен католикпін және бүгін ғибадатқа шариғат шәлісімен бардым»,- деді ағынан ақтарылып.  

 

«Шариғат шәлісін еркінен тыс болғаны үшін емес, өз еркі өзінде екенін көрсету үшін жамылады»

Нью-Йорк мегаполисінде мұсылман әйелдер наным-сенімі бөлек тұрғындарға шариғат шәлісіне қатысты жан-жақты мағлұмат беріп: «Адамдардың көбісі мұсылман әйелдері өздерін мәжбүрлеген соң шариғат шәлісін жамылып жүр деп ойлайды. Шындығында, олай емес. Біз шариғат шәлісін өз еркіміз өзімізде болмағаны үшін емес, өз еркіміздің өзімізде екенін көрсету үшін жамыламыз», - деп сөзін қорытындылады осы шараны ұйымдастырған мұсылман ұйымының атқарушы директоры Джули Буди (Julie Boody).

0 пікір
Мұрағат