Халықаралық аурулар жіктелімінің жаңа нұсқасы бойынша қандай жайттар ауру деп танылды
Халықаралық аурулар жіктелімінің жаңа нұсқасы бойынша қандай жайттар ауру деп танылды
6 жыл бұрын 3067 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлері сенбіде 11-ші Хапықаралық аурулар жіктелімінің жаңа нұсқасын мақұлдады. Соның ішінде компьютерлік ойынға тәуелділік пен титықтап шаршау адамның психикасының бұзылуы ретінде танылды. Халықаралық аурулар жіктелімінің жаңа нұсқасы Женева қаласында өткен Денсаулық сақтаудың бас ассамблеясының 72-ші сессиясында ресми түрде танылған болатын. Аталмыш құжат 2022 жылдың қаіңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енеді. Аурулардың халықаралық жіктелімінің 11-ші нұсқасы 2018 жылдың маусым айында жарияланады. Десе де Халықаралық аурулар жіктелімінің жаңа нұсқасына сай адамды ауру деп тану үшін жылға жуық уақыт керек: ойынға деген тәуелділігі, отбасылық өміріне кері әсері, әлеуметтік жағдайына теріс әсері, кәсібилігіне жағымсыз әсері, т.б. тұрғыдан бақыланып, байқалуы шарт. Сөз орайы келгенде мынаны айта кету керек, бұрын компьютерлік ойындар индустриясының өкілдері компьютерлік ойынға тәуелділікті аурулар тізіміне енгізуге наразылық білдірген болатын. АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Бразилия және Оңтүстік Африканың ойын-сауық бағдарламасын қамтамасыз ететіндер қауымдастығы мен федерациясы бірігіп, мұндай қадамның ғылыми негізі жоғын мәлімдеген болатын. Ол ол ма, олар ойынның баланың дүниетанымын кеңейтіп, терапевтік (емдік) ерекшелігін алға тартқан болатын. Сондай-ақ, құрамында Оңтүстік Кореядағы Nexon деп аталатын компьютерлік ойын индустриясының көрігін қыздырған компания бар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақтар, жоғары оқу орындары кірген, ұзын саны 88 мекеме өкілінен тұратын оңтүстік кореялық комитет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұл шешімін сынға алып, Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар құқығы жөніндегі конвенциясына қайшы келетінін алға тартты. Бұл шешімді баланың демалу, ойындарға қатысу, мәдени шараларға атсалысу, өнермен айналысу құқығына қол сұғушылық деп бағалады. 

Психикалық ауытқушылықтың дербес түріне жатқызылып жүрген дисморфофобия жіктелімі былайша сипатталады: адам өз денесіндегі қандай да бір болмашы ақаудан немесе кемістіктен я болмаса ерекшелігінен жайсыздықты сезінеді, қорланады, мазасы қашады. Былайша айтқанда, өз денесін толықтай қабылдай алмайтын синдромы психикалық ауытқушылыққа жатқызылды. Аурулардың халықаралық жіктелімінің 11-ші нұсқасы бойынша эмоциоядан зардап шегу жатқызылды: титықтап шаршау. Титықтап шаршауды «халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін фактор әрі денсаулық сақтау мекемесіне қаралуы тиіс» аурулар санатына жатқызылды. Сондай-ақ, эмоциялық зардап шегу синдромы «жұмыспен немесе жұмыссыздықпен байланысты» бөлімге енгізілді әрі жұмыспен байланысты созылмалы стрестің салдарынан физикалық және психикалық тұрғыдан толық титықтау ретінде сипатталған.

0 пікір
Мұрағат