Халық санының кемуі қытай экономикасына кері әсерін тигізе алмайды. Себебі..
Халық санының кемуі қытай экономикасына кері әсерін тигізе алмайды. Себебі..
4 жыл бұрын 1876 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Таяуда жарияланған, он жылда бір жүргізілетін Қытайдағы халық санағының нәтижесі көрсеткендей, аталған елдегі тұрғындар қарасы 2020 жылдың қазан айындағы есеп бойынша 1,41 млрд адамды құраған. Бұл қытай халқының өсу қарқынының 1950-ші жылдан бері ең төменгі көрсеткіші болып отыр. Осыған байланысты, дәлірегі, халық санының кемуі мен қартаюы аталған елдегі жұмысшы күшінің тапшылығын тудырып, ел экономикасына кері әсерін тигізеді, деп байбалам салудың қажеті жоғын алға тартады сарапшылар. Өйткені, Қытай соңғы жылдары бас айналдырар технологиялық жетістіктерімен көзге түсіп жүрген ел, технология бойынша АҚШ-пен тайталаса алатын әлемдегі бірден-бір держава атанып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы қалыптасқан демографиялық теріс ахуалдың ел экономикасына тигізер кері әсерін осы заманғы озық технологиямен болдырмайды – бұрын 16 адамның істейтін жұмысын қазіргі уақытта 4 адам атқара алады техниканың көмегімен. Осылайша жұмысшы күшін, соның ішінде жоғары білікті мамандарды жасанды зерде мен робот алмастыратын болады. Бұл бағытта қытай билігі осы заманғы озық технологияға бәс тігіп отырғандықтан, робот техника саласына мол қаржы бөліп отыр. Ұлттық статистика бюросының келтірген дерегіне қарағанда, Қытайдағы қалалық жерде жұмыс істейтін жекеменшік компаниялардағы қызметкерлердің орташа жылдық жалақы мөлшері өткен 2020 жылы үш есеге артқан - 57 727 юан (9 мың доллар). Ал бұл көрсеткіш 2010 жылы бар-жоғы 20 759 юаннан аспаған болатын.

0 пікір
Мұрағат