Халал индустриясында шариғат талаптарына сай әзірленген азық-түлік сегменті жетекші орында
|

Күллі әлем бойынша халал индустриясы шапшаң дамып келеді. Соның ішінде шариғат талаптарына сай әзірленген азық-түлік сегменті жетекші орынға шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Халал азық-түліе секторы жалпы тағам өнеркәсібіндегі үлесін жылдан жылға арттырып келеді. Атап айтқанда, құс еті, балық еті, мал еті, май және сүт өнімдері, дәмдеуіштер мен хош иіс дарытатын қоспалар, т.б. IMARC Group және Research and Markets компанияларының дерегіне сәйкес халал өнімдерінің әлемдік нарығының ауқымы немесе мөлшері 2024 жылы 2,71 триллион АҚШ долларына жеткен, ал 2033 жылға қарай оның 5,91 триллион долларға дейін өсетіні болжанып отыр. Орташа жылдық өсу қарқыны 2025 жылдан 2033 жылға дейін 8,92% -ды құрайды. Осылайша, халал өнімдері нарығы органикалық және тұрақты тамақ өнімдері сияқты басқа да жылдам өсетін сегменттер үшін бәсекелес болады. Бұл тарапта Азия мен Тынық мұхиты өңірі көш бастаған: 2024 жылы мұсылман тұрғындарының көптеп шоғырлануынан және сертификатталған өнімдерге өсіп келе жатқан сұраныстың арқасында әлемдік нарықтың 48,5% -ын иеленді. Бұдан бөлек, Еуропа мен Солтүстік Америкада халал өнімдеріне деген сұраныс артып келеді. Бұған тек мұсылмандар арасында ғана емес, сондай-ақ, сапа мен қауіпсіздік стандарттарына жете мән беретін мұсылман емес тұтынушылар да сұранысты арттырып отыр.
Халал нарығының ұлғаюына ықпал еткен факторларға жеке тоқталып көрсек: IMARC Group және Research and Markets ұйымдарының зерттеу нәтижесіне сәйкес мынадай жағдаяттар халал секторының өркендеуіне үлес қосы отыр: - Мұсылмандар қарасының көбеюі. Ширек ғасырдан соң исі мұсылман саны, Statista мәліметі бойынша, 276 млрд адамға жетпек; - Тұтынушылардың этикалық санасының өсуі. Осы заманғы тұтынушылар өнімнің шыққан тегі мен сапасына айрықша назар аударады. Осы талапқа сай халал өнімдерге мұсылман емес тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. – Жаһандану дәуірі. Жаһандану дәуіріне тән мәдениеттердің интеграциялануы нәтижесінде халал өнімдер кеңінен таралуда; - Қатаң бақылау мен стандарт. Халал өнімдердің табиғилығы мен сапасын (соның ішінде адам денсаулығына зиянды заттар мен алкоголдің болмауы) сертфикаттау процедурасы өз кезегінде тұтынушылар сенімін тудырып, халықаралық сауда-саттықты жеңілдеді; - Саламатты өмір салты. Бүгінгі тұтынушлардың дені денсаулығыне жете көңіл бөлетіндіктен ішкен асына дейін назар аударады.
Енді осы орайда мұсылман емес тұтынушылар неге халал өнімдерге ден қояды? Kerry Group (тағам өнімдерінің ғылымы саласындағы халықаралық компания) зерттеу нәтижесінде мұсылман еместер арасында халал өнімдер танымалдылығының бірнеше себептерін атап көрсетеді: - Ислам құндылықтарының мұсылман әлемінен тыс жерлерде таралуы; Жануарларға адамгершілікпен қарау және тазалықты сақтау сияқты халал тағамды әзірлеудің көптеген аспектілері тұтынушылар тарапынан кеңінен қолдау табады. «Ислам экономикасының жай-күйі» есебіне сәйкес мұсылман еместер этикалық өндірісіне байланысты халал өнімдерін жиі таңдайды.
Бүгінде халал сертифкаты тіркесінің әлемде танымал болуына сапа мен қауіпсіздікке кепілдік беруімен байланысты. Халал стандарты сапа мен кепілдік ұғымдарының синониміне айналған. Халал нарығының негізгі сын-қатерлеріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.
Халал өнімдері индустриясының қарқынды өсуіне қарамастан, Меккедегі Халал индустриясы форумы мен Америка құрама штаттарының Халал тағамы жөніндегі кеңестің мағлұматынша, халал индустрияның одан ары дамуына бірқатар факторлар кедергі келтіріп отыр: - Сертификаттаудың түрлі стандарттарының қолданылуы, яғни, әр елде халал өнімдерін сертификаттауға қойылатын түрлі талаптар қолданылады, бұл халықаралық сауданы қиындатады. Бір елдің халал стандартын екінші ел мойындамауы немесе мақұлдамауы мүмкін; - Бірыңғай реттеу нормаларының болмауы. Өндіруші елдер мен тұтынушы елдерде әртүрлі ережелер халықаралық нарықтарда жұмыс істейтін компаниялар үшін әкімшілік кедергілер жасайды; - Цифрлы қадағалау жүйесінің әлсіздігі, яғни, электронды бақылаудың дұрыс жолға қойылмауы. Яғни, ең алдымен халал өнімдерді тасымалдаудағы қадағалау технологиясы айтарлықтай дамымаған; - Нарықтағы алааяқтық. Кей компаниялар өз өнімдерін өткізу үшін халал сертифкатын қолдан жасайды. Осылайша халал өнімдерге деген тұтынушылардың сеніміне селкеу түсіреді; - - Жоғары бәсекелестік Нарықтың жылдам өсуі инновация болсын немесе өнім сапасын жақсарту болсын, ерекшеленудің жаңа тәсілдерін іздейтін өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне алып келді.
Халал тағам индустриясындағы ең ірі 10 компания
Halal Times дерегі бойынша нарықтың көшбасшылары:
- дайын тағамдар мен теңіз өнімдерін өндіретін QL Foods компаниясы (Малайзия).
- Al Islami Foods (БАӘ) - қатаң сапа стандарттарымен белгілі.
- BRF SA (Бразилия) - халал етінің ірі экспорттаушысы (Sadia бренді).
- Nestlé (Швейцария) - халал өнімдерінің желісін белсенді дамытуда.
- Midamar (АҚШ) - халал етін экспорттайтын алғашқы америкалық компания.
- Almarai (Сауд Арабиясы) - сүт өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы.
- Tahir Foods (Ұлыбритания) - Еуропадағы жетекші ет жеткізушілердің бірі.
- Prima Agri Products (Малайзия) - ет және өсімдік өнімдеріне маманданған.
- Ramly Food Processing (Малайзия) - халал бургерлер өндірісімен танымал.
- Crescent Foods (АҚШ) - органикалық халал тауық өсірумен айналысады.




