Хакерлік шабуылдан адам өлді
Хакерлік шабуылдан адам өлді
3 жыл бұрын 2109 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы емхана жүйесіне хакерлер шабуыл жасады. Осының кесірінен шарана қыз шетінеп кетті. Баласынан айырылған анасы сотқа жүгінетін болды. Бұл әлемнің сот жүйесінде осындай шағым қаралатын, жалпы әлем тарихында алғаш рет орын алып отырған адам өлімі ретінде тіркелді.  Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal (WSJ) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кісі өліміне апарып соқтырған хакерлік шабуылдан адамның өмірі қиылғаны ресми мойындалды. Бопсалаушы программашылар компьютерлік жүйені өз бақылауына алып, ақша талап етеді (криповалюта түрінде) – компьютерлік жүйені қалпына келтіру үшін. Ал Алабама штатындағы бұл жағдай криптоәлем аясынан шығып кетті – кибер шабуыл тұтас жүйенің, дәлірегі, медициналық мекемелер желісінің жұмысына бағытталған. Мәселен, 2019 жылы хакерлер Спрингхилл медицина орталығына бақылау орнатқанда емхана бопсалаушыларға ақша беруден бас тартып, желіні ажыратып, дербес (автономды) режимде жұмысын жалғастырған еді. Алайда, хакерлік шабуылға ұшыраған емхана дәрігерлері мен медбикелері науқастарды компьютермен жұмыс істейтін медициналық құралдарсыз әрі электронды деректерсіз емдеуге тура келген еді. Кибер шабуылдан кейін бір аптадан соң Тейранни Кидд Спрингхилла медицина орталығына босану үшін келеді. Босандыру кезінде дәрігерлер мен медбикелер кибер шабуылдың кесірінен пациенттің денсаулығына қатысты өмірлік маңызы зор параметрлерді қадағалау мүмкіндігінен қағылғандықтан құрсақтағы шарананың қандай күйде екенін біле алмаған. Кіндігі мойнына оратылған шарана басына зақым келіп дүние келді. Тоғыз айдан соң шетінеп кетті. Анасына аталған емхананы сотқа беріп отыр. Бұл іс қалай шешілетіні бізге беймәлім. Бір есептен әйелді босандырған емхана қызметкерлерінің еш жазығы жоқ, десе де бұл қасіреттің алдын алуға болатын ба еді, оны сот анықтай жатады. Хакерлер сол күйі табылмады. WSJ таратқан хабарға қарағанда, мұны полиция 2018 жылдан бері кем дегенде 235 емханаға ктибер шабуыл жасаған Рюк бандасынан көріп отыр. Алайда, оны дәлелдей ала ма, оны алдағы уақыт көрсетеді. 

0 пікір
Мұрағат