Германия 5G желісі бойынша қытай технологиясына тыйым салуы мүмкін
Германия 5G желісі бойынша қытай технологиясына тыйым салуы мүмкін
1 жыл бұрын 1282 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германияның ішкі істер министрлігі байланыс операторларына қытайлық Huawei және ZTE компанияларының технологияларын 5G желісінде пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне жөн сілтеген Forbes.ru сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bloomberg және Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл тыйым 2026 жылдан бастап күшіне енуі мүмкін. Қазіргі уақытта Германияның ішкі істер министрлігі неміс желілерінің қытайлық жабдыққа қаншалықты тәуелді екенін тексеріп жатыр. Бүгінгі таңда Huawei технологиялары Германиядағы 5G RAN желілерінің 59%-да қолданылады, деп хабарлады Reuters ресурсы Strand Consult телекоммуникациялық компаниясының бұл тарапта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып. Десе де неміс билігінің бұл бастамасына аталмыш қытай компаниясының Германиядағы бөлімшесі сынға алып, киберқауіпсіздікті саясиландырып отыр деп айыптады. «Мұндай шара Германияның цифрлық трансформациясына, яғнин цифрландыру науқанына кері әсерін тигізеді, инновацияға кедергі келтіреді және желі операторларының құрлысы мен пайдалануға жұмсалатын шығынды едәуіп арттырады. Нәтижесінде неміс тұтынушылары қосымша шығынға батады», - деп мәлімдеді Huawei Germany өкілі. Бұл бастама неміс операторларына да ұнай қоймады. Мәселен, Deutsche Telekom өкілдеpі елдегі байланыс сапасы нашарлайтынын алға тартса, Telefonica Deutschland компаниясы қытай жабдықтарына тыйым салынған жағдайда Германия министрлер кабинетін сотқа беретінін жасырмады.

Ұқсас материалдар:

«Үндістан да қытай технологиясынан бас тартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/undistan-da-qytai-tehnologiyasynan-bas-tartty-19003/#gsc.tab=0);

«Ұлыбритания мемлекет нысандарындағы қытай жабдықтарын жояды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-memleket-nysandaryndagy-qytai-jabdyqtaryn-joyady-18733/#gsc.tab=0);

«Ұлыбританияда қытай дрондарын пайдалануға тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniyada-qytai-drondaryn-paidalanuga-tyiym-saluy-mumkin-18182/#gsc.tab=0);

«Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-tynshy-videokameralaryna-tyiym-salynuy-mumkin-15397/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат