Газ бен атомды таза экологиялық энергия көздері ретінде мойындайтын болды
Газ бен атомды таза экологиялық энергия көздері ретінде мойындайтын болды
3 жыл бұрын 3699 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия осы жылдың соңына дейін атом мен газды экологиялық жағынан таза энергия көздері ретінде мойындайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Чехияның премьер-министр міндетін атқарушы Андрей Бабиштің бұл тараптағы мәлімдемесіне жөн сілтеген ресейлік ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда Франция билігінің 2015 жылы қабылданған Париж климаттық келісімінде қарастырылған үддеден (жаһандық жылынуға себеп болып отырған атмосфераға бөлінетін парникті газдың мқлшерін азайту туралы келісім – ред.) шығу үшін әрі энергияны импорттау мөлшерін кеміту үшін ел аумағында ядролық реакторы құрылысын бастайтынын жария еткен еді. Алайда, Францияның бұл шешіміне халықаралық ұйымдар мен кейбір елдер келіспей отыр: Германия Жапониядағы Фукусима атом стансасының апатынан кейін ядролық реакторлардан бас тартуға ден қойды. Бұдан бөлек, Greenpeace экологтары ядролық энергетиканы ескірген энергия көзі ретінде санайды. Аталмыш экологиялық ұйым өкілдерінің айтуынша, атом электр стансасы ауа температурасы көтірелген жаһандық жылыну дәуірінде қауіпті энергия көзі болып қалады. 

Ұқсас материалдар:

«Атом энергетикасы жасыл энергетика санатына жатқызылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/atom-energetikasy-jasyl-energetika-sanatyna-jatqyzyluy-mumkin-15917/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудан атом электр стансаларының адамзатқа төндірер қауіп-қатері артады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynudan-atom-elektr-stansalarynyn-adamzatqa-tondirer-qauip-qateri-artady-15594/#gsc.tab=0);

«Атом энергетикасы адамзатты климат өзгерісі қатерінен құтқара алмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/atom-energetikasy-adamzatty-klimat-ozgerisi-qaterinen-qutqara-almaidy-12392/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат