Ғаламдық жобалардағы жаһандық тайталас
|
АҚШ өкілдері Оңтүстік Америкаға аттанады – Қытайдың ғаламдық «Бір белдеу – бір жол» жобасына қарсы тұруға көмектесетін, дәлірегі, Қытай гегемониясына, мәдени әрі экономикалық экспанциясына тойтарыс беруі тиіс құрылымдық жобаларды әзірлейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай тауарын өткізу, жеткізу, сақтау үшін күллі әлемнің инфрақұрылымын салуға, жақсартуға бағытталған, 2013 жылы қолға алынған «Бір белдеу – бір жол» жобасы Қытайдың саяси, экономикалық немесе мәдени ықпалын арттырады. Бұл жайт өз кезегінде Қытайдың саяси, экономикалық мүддесіне қызмет ететіндіктен АҚШ бастаған батыс елдері, дәлірегі, «Үлкен жетілік» қытай жобасына балама ретінде «Әлемді ең жақсы жағынан көтереміз» (B3W) деп аталатын ғаламдық бастама көтерген болатын. Бұл жобаның құны 40 трлн долларға бағаланып отыр әрі әлемнің барлық түкпіріндегі елдерді – Оңтүстік америкадан Африка құрлығына дейін, Тынық-Үнді мұхиты аймағына дейін қамтиды. Осы жоба аясында америкалық сарапшылар жекеменшік секторлармен, қоғам өкілдерімен, т.б. климат, денсаулық сақтауғ цифрлы технология, гендерлік теңдік, т.б. маңызды салалар мен мәселелелер бойынша келелі кеңестер, талқылаулар, келіссөздер, т.б. шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Ақ үйдің қазіргі қожайыны Джо Байден бұл жобаның 2020 жылы ресми түрде нақты қолға алынатынын жария етіп отыр. Батыстың Қытай жобасына балама бола алатын бағдарламасынан бөлек Еуропалық Одақ та Қытайдың ықпалымен күресу үшін өздерінің «Ғаламдық қақпа» деп аталатын жобасын қолға алмақшы. Еурокомиссияның жетекшісі Урсула фон дер Ляйен арзан жұмысшы күші мен тиімсіз кологиялық стандарттар арқылы геосаяси платформада стратегиялық ықпалын кеңейткісі келетін Қытай билігін қарыз қамытымен дамушы елдерді қармағына түсіріп отыр деп айыптаған болатын. Өкінішке қарай, диктаторлық режим орнаған әрі экономикасы мешеу елдер Қытайдың бұл тұзағына түсіп қалғанын да айта кетпекпіз. Бұл тарапта сайтымыздың жаңалықтар таспасында талай сараптамалық материалымызды бергендіктен қайталап жатпаймыз.