|
Намаз уақытын білмегені үшін қызын бермеді
|
Сауд Арабиясында қалыңдықтың әкесі қызын айттыра келген жігітті келген ізімен кері қайтарды. Намаз уақытын білмегені үшін. Яғни, қызды айттыруға әкесін ерте келген жігіттен таң намазының уақыты қашан кіретінін сұраса, жігіт жауап бере алмаған көрінеді. Бұл ыңғайсыз оқиға Хаил қаласында орын алды. Қыздың әкесі жігітке: «Сауалыма жаңылыспай жауап берсең, қызымды қалыңмалсыз беремін», - деп шарт қойған көрінеді. Алайда, жігіт тегіс жерден сүрініп, осылайша қалыңдығынан айырылды. Қыздың әкесі сонда: «Құлшылықты ойламаған сендер қызыма қамқор болып жарытпайсыңдар», - деп кері қайтарған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды