Француздың жас саясаткері партиялас әріптестерін исламға үндеді
Француздың жас саясаткері партиялас әріптестерін исламға үндеді
10 жыл бұрын 2957

Францияның Нуази-ле-Гран қаласы әкімдігінің «Ұлттық майдан» деп аталатын партия атынан сайланған мүшесі, 22 жастағы Максенс Баттей бейнетаспасында өзінің ислам дінін қабылдағанын және не үшін осындай қадамға барғанын айта келіп, партиядағы әріптестерін де ислам дінін қабылдауға үндеді. Яғни, әлеуметтік әділетті ту ететін ислам құндылығын алға тартып, жасаған мәлімдемесі  The Telegraph ақпарат көзінде жарияланды. «Ислам секілді «Ұлттық майдан» да әлсіздерді қорғайды. Партия пайыздық өсімді айыптайды. Ислам да өсімқорлыққа қарсы. Бәлкім, кей сайлаушыларым менің бұл таңдауымды құптамайтын шығар. Десе де, мен исламның қадір-қасиетін түсіндіруге қашанда әзірмін», - деді ол. Аталмыш партияның жетекшісі, Еуропарламент депутаты Марин Ле Пен оның бұл қадамына қайран қалғанын жасырмады. Өйткені, бұл партия талай жылдан бері исламға қарсы ұстанымымен аты шыққан болатын.

0 пікір
Мұрағат