Францияда балалары ауысып кеткен отбасыларға 2 млн еуро өтемақы төленбек
Францияда балалары ауысып кеткен отбасыларға 2 млн еуро өтемақы төленбек
10 жыл бұрын 2846

Франция соты 20 жыл бұрын нәрестелерін ауыстырып алған ата-аналарға 2 млн-дай еуро өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Мұндай қателік дәрігерлер мен акушерлердің кесірінен жіберілгенін хабарлады 24kz телеарнасы.

Зерттеу нәтижесінде екі отбасының қыздары ауысып кеткені анықталып, ата-аналар сотқа 12 млн еуро өтемақы төлеу туралы арыз тастаған. Сондай-ақ олар қаржыны алғанымен, бауыр басқан балаларын ауыстырмайтындарын айтады.

Мұндай қадам жазықсыз жеткіншектерге психологиялық соққы болып тиюі мүмкін екендігін алға тартады. Бүкіл Еуропаны шулатқан сот процесі 11 жылға созылған.

"Бұл менің бүкіл өміріме татитын күрес болды. Қызымды алып кете ме қатты қорқып жүрдім. Екінші жағынан, өзімнің балам туралы да уайымдадым. Жағдайы қалай екен, тірі жүр ме деп", - дейді Софи Серрано.

Манон Серрано үшін ақшаның құны көк тиын, бұл ештеңені өзгерте алмайтынын айтты.

"Олар бұл жай ғана қателік дейді, басқа түк емес. Қалайша бұған мән бермеуге болады? 10 жыл бұрын біздің өміріміздің астаң-кестеңі шықты. Өзіңнің биологиялық анаңды көру және оған бөтен адам ретінде қарау деген – сұмдық нәрсе", - деді Манон Серрано.

0 пікір
Мұрағат