Еуропалық елде балаларға да эвтаназия процедурасы мақұлданып кетті
Еуропалық елде балаларға да эвтаназия процедурасы мақұлданып кетті
2 жыл бұрын 1488 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Bret Kavanaugh / Unsplash

Нидерланды билігі жан төзгісіз әрі айықпас дертке шалдыққан 12 жасқа дейінгі балаларға да эвтаназия процедурасын қолдануға рұқсат беретін шешым қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы NL Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің денсаулық сақтау, әл-ауқат және спорт министрі Ернест Куйперстың айтуынша, бұл ереже жылына 5-10 балаға ғана қолданылуы мүмкін. Бұл тараптағы заң бойынша 12 жастан асқан балалар өз жағдайын және қабылдаған шешімінің маңыздылығын түсінуге қабілетті, деп есептеледі, алайда, жобада бір жастан 12 жасқа дейінгі айықпас дертке шалдыққан балаларға эвтаназия жасау мүмкіндігі қарастырылмаған. Кәмелет жасына толмағандарға эвтаназия процедурасын қолдануға рұқсат беретін заң тек Нидерланды да ғана емес, сонымен қатар, мұндай заң 2014 жылдан бері Белгияда да қолданыста екенін айта кету керек. Сөз орайы келгенде өткен жылдың желтоқсан айында Лесу Лендри есімді канадалық зейнет жасындағы мүмкіндігі шектеулі жан кедейлігіне шағымданып, осы себепті өзіне эвтаназия процедурасын қолдануға рұқсат сұрағанын айта кетпекппіз. Daily Mail мерзімді басылымының жазуынша, 65 жасқа толған шағында мемлекет оның жәрдемақысынан және көптеген жеңілдіктерден, сондай-ақ, баспанасынан айырған еді. Тіпті, өзіне қолқанат болып жүрген итіне дейін тартып алған болатын. Тек медициналық шотындағы төлеммен (айына - 120 доллар) жан бағып, фургонда күнелтуге мәжбүр болған. Өмір бойы коммерциялық жүк көлігін айдап, 85 мың доллар жинай алған қарияға осыдан 15 жыл бұрын жарықты алып тастау отасы жасалады. Ем-дом кезінде асқынудан инсульт алып, эпилепциядан зардап шегеді. 65 жасына дейін айына шамамен 1680 доллар, ит, медициналық куәлік, әлеуметтік ас-ауқат беріліп келген еді. 65 жастан соң бұл жеңілдіктердан айырылады.

Ұқсас материалдар:

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrady-15928/#gsc.tab=0);

«Тағы бір ел эвтаназияны заңдастырды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-evtanaziyany-zandastyrdy-14752/#gsc.tab=0);

«Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziya-zandastyrylgan-elder-qataryna-tagy-bir-memleket-qosyldy-14546/#gsc.tab=0);

«Эвтаназияға қатысты референдум өтті» (https://islam.kz/kk/news/alem/evtanaziyaga-qatysty-referendum-otti-14345/#gsc.tab=0);

«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0); 

«Ақырғы сапарға аттандыратын ажал туризмі: жат құбылыс етек алып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqyrgy-saparga-attandyratyn-ajal-turizmi-jat-qubylys-etek-alyp-keledi-11546/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тағы бір штатында эвтаназия заңдастырылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-tagy-bir-shtatynda-evtanaziya-zandastyryldy-11995/#gsc.tab=0);

«Мұсылмандар эвтаназияға қарсы» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/musylmandar-evtanaziyaga-qarsy-2435/#gsc.tab=0);

«Ауыр күнәға апаратын процедураға рұқсат берілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyr-kunaga-aparatyn-protseduraga-ruqsat-berildi-1553/#gsc.tab=0) 

 

0 пікір
Мұрағат