Еуропалық ел мешіттерді шетел ықпалынан шығармақ
Еуропалық ел мешіттерді шетел ықпалынан шығармақ
3 жыл бұрын 1596 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Фламанд министрі Барт Сомерс Белгия аумағындағы мешіттер шетел ықпалынан арылуы керек деп есептейді әрі осы бағыттағы ұсынысын нақты жүзеге асыру жолдарын қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бастаманың аясында Белгияның Фламанд аймағындағы түріктердің Diyanet дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының бақылауындағы 12 мешіт Белгия тарапынан ресми мойындалуы үшін Түркие билігінің көмегімен бас тартуы тиіс деген талап қойылып жатыр. Фландрия әкімшілігі жергілікті, жаңа мешіттерді ресми тануды бір жыл бойы кейінге шегеріп келген еді. Фламандияның әлеуметтік қатар өмір сүру министрі Барт Сомерс бұл шешімге қатысты баспасөз мәлімдемесінде: «Фландрияда тұратын мұсылмандар – біздің қоғамның толыққанды азаматтары, сондықтан өзара сенімді қалпына келтіру және исламдық діни бірлестіктерді тануды бастау маңызды», - деп мәлімдеді.

 

0 пікір
Мұрағат