Еуропа ормандардың жойылу қаупіне байланысты кофе мен шоколадқа тыйым салуы мүмкін
Еуропа ормандардың жойылу қаупіне байланысты кофе мен шоколадқа тыйым салуы мүмкін
2 жыл бұрын 1013 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуроодақ елдерінің жаңа келісімі бойынша барлық экспорттаушы компаниялар тауарлардың дүние жүзіндегі орман-тоғайдың оталуына қатысы жоғын растауы керек. Бұл жайында islam.kz порталы Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Желтоқсан айының 6-сы күні ЕО парламенті бүкіл әлем бойынша ормандардың жойылуына ықпал ететін өнімдерді импорттауға тыйым салатын келісімге қол қойды. Бұл ереже ЕО парламенті мақұлдауы тиіс алдын ала жасалған келісім екенін айта кету керек. Тауарларды импорттаушы компаниялар өнімнің шыққан елде, соның ішінде адам құқықтары мен жергілікті халықтарды қорғау саласындағы қолданыстағы ережелер талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжатты ұсынуы керек. Яғни, тек ЕО аумағына импортталатын тауарлардың қоршаған ортаға зиянсыз жолмен өндірілгенін әрі жергілікті әрі байырғы халықтардың құқығының тапталмағанын растайтын құжат талап етіледі. Импорттаушы компаниялардан. Барлық құрлықта (Антарктикадан өзгесі) орман-тоғайды ауыл шаруашылығы үшін, соның ішінде жайылым мен соя мен палма майын өндіруге жер игеру есебінен аяусыз оталып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бағдарламасы келтірген дерекке қарағанда, 1990 және 2020 жылдар аралығында ЕО аумағынан 420 миллион гектар орман жойылған. Ең бастысы, кофе өнімдері үшін орман-тоғайдың аяусыз оталғаны белгілі болып отыр. Десе де кофе плантациялары үшін қанша гектар орманның оталғаны туралы нақты мәлімет келтірілмеген.

0 пікір
Мұрағат