Еуроодақта әлем бойынша алғашқы АІ туралы заң қабылданды
Еуроодақта әлем бойынша алғашқы АІ туралы заң қабылданды
6 ай бұрын 1114 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ жасанды зердені қалай  пайдаланукеректігін реттейтін әлемдегі алғашқы заңды мақұлдады. Бұл бағыттағы құжат дербес көлікте, медициналық құрылғыларда, қаржылық қызметтерде және білім беру саласында аталмыш технологияны пайдалану қатерін бағалауға негізделген AI-ге қатысты көптеген ережелерді қамтыған. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде Қытайдағы секілді азаматтардың деректерін талдау негізінде рейтингті белгілейтін «әлеуметтік рейтинг» жүйесін пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, полицияға AI негізінде қауіпті болжау мен моделдеуді пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, AI-ны жұмыс орындарында және мектептерде адамдардың эмоцияларын тану үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Жасанды зердеге қатысты ереже адам құқығы басшылыққа алына отырып әзірленді. Өздігінен басқарылатын көліктер, медициналық құрылғылар, қаржылық және білім беру қызметтері сияқты қауіптілігі жоғары AI жүйелері азаматтардың денсаулығына, қауіпсіздігіне және құқықтарына қауіп-қатер тұрғысынан бағаланатын болады. Аталмыш заң генеративті AI жүйелеріне қатаң шектеулер қояды, соның ішінде, мысалы, ChatGPT. Олар авторлық құқық туралы заңдарды сақтауға, үлгілік оқыту туралы ақпаратты ашуға және киберқауіпсіздікті жүйелі түрде тексеруге міндетті. 2022 жылдың қараша айында OpenAI ChatGPT іске қосылғаннан кейін ЕО заңнамасына өзгерістер енгізу қажет болды. Содан кейін сарапшылар генеративті жасанды зерде арқылы авторлық құқықпен қорғалған материалдарды пайдалануды реттеу үшін қолданыстағы ереженің тиімсіздігі анықталды. Заң 12 айдан кейін толық күшіне енеді. ChatGPT, Gemini және Copilot сияқты қолданыстағы жүйелерге 36 ай мұрсат беріледі. Осы уақыт ішінде аталған компаниялар оларды жаңа стандарттарға сәйкестендіруі керек. Заңды бұзғаны үшін компанияларға 35 миллион еуроға дейін немесе жылдық кірістің 7% көлемінде айыппұл салынады. Бұл ең алдымен Google, Microsoft және OpenAI сияқты америкалық технология алпауыттарына қатысты.

0 пікір
Мұрағат