Еуроодақ экологиялық қылмыс жазасын қатаңдатады
Еуроодақ экологиялық қылмыс жазасын қатаңдатады
12 ай бұрын 878 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуроодақ қоршаған ортаған қасақана зиян келтіргендермен күресті күшейтпек. Дәлірегі, орманға немесе жайылымға әдейі от қойғандарды, орманды отап, заңсыз саудалағандарды, т.б. он жылға дейін бас бостандығынан айырады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде euro-pulse ақпарат көзіне жөн сілтеген forbes.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕО-да экоқылмыс тізімін 9-дан 12 тармаққа дейін кеңейтті. Соның ішінде химиялық заттарды жоймау да қылмысқа жатқызылатын болады. Қоршаған ортаға ззалал келтірген компанияға 40 млн еуроға дейін айыппұл салынады немесе жылдық айналымының 5%-на дейін айыппұл ретінде өндіріп алады. Бұған қоса, залал келтіруші тарап зиянның орнын толтыруы тиіс, яғни, қалпына келтіруі керек. Ол ол ма, компанияны лицензиясынан және мемлекет тарапынан беоілетін қаржыдан айырады. Қайталанған жағдайда біржола жауып тастайды. Қоршаған ортаға қарсы қылмыс туралы жаңартылған директива (мағлұмдама) келесі жылдың көктем мезгілінде қабылдайды. ЕО құрамындағы елдер бұл бағыттағы заңнамаға әр екі жыл сайын жаңа нормалар енгізіп отырады.

0 пікір
Мұрағат