Қытайлар жаңа ережеге байланысты әлемжеліден шығып жатыр
Қытайлар жаңа ережеге байланысты әлемжеліден шығып жатыр
6 ай бұрын 700 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қытайдағы танымал блогерлер мен қарапайым әлемжелі пайдаланушылары әлеуметтік желілерден шығып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы restofworld.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Себеп - WeChat және Weibo әлемжелісін қоса алғанда танымал қытай платформалары пайдаланушыларға нақты аты-жөнін көрсетуді талап етуде. Кеем дегенде 1 млн-нан аса жазылушысы бар адам бүркеншек атпен жазбасын жариялай алмайды. Егер бүркеншек атпен шыққаны дәлелденсе, оның аккаунты жабылады. Бұл бағыттағы жаңа ереже блогерлердің әлемжеліден жаппай кетуіне түрткі болып отыр. Наразылық білдірушілер жаңа ереже талаптарын адамның жеке өміріне қол сұққанмен бірдей әрекет ретінде бағалап отыр. Бұдан бөлек, жасырын атпен шығуға қарсы мұндай науқан сталкинг пен доксинге (қуғындау мен адам туралы деректі іздеу) ұрындырады. Осылайша қытай билігі өзгеше ойлайтындарға  қарсы науқанға барып отыр. Сөз бостандығына шектеу қоятын мұндай бастаманы Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі бастама етіп көтерген екен.

0 пікір
Мұрағат