Ескендір Зұлқарнайын тұсында жасырылған қазына табылды
|
Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Израил аумағынан, дәлірегі, ежелгі Кейсария қаласы маңынан, су астынан тиындар қазынасы табылғанын жария еткен едік. Израил осындай олжаға тағы ие болды. Бұл жолы Ескендір Зұлқарнайын тұсында шекілген тиындар қазынасы табылды. Бұл жайында Arutz Sheva ақпарат көзі хабар таратты. Израилдің көне жәдігерлер жөніндегі басқарма дерегіне қарағанда осыдан 2300 жыл бұрын күмістен, қоладан шекілген тиындар елдің солтүстігіндегі үңгірден табылған. Сондай-ақ, үңгірден күмістен соғылған зергерлік бұйымдар, қыш ыдыстар табылған. Бұған қоса, шамамен алты мың жыл бұрынғы жәдігерлер де табылған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, бұл елде қазына табылғаны жөніндегі ақпаратты жасырған адам жауапкершілікке тартылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.