Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі қай елдер ауыз су тапшылығын тартады?
Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі қай елдер ауыз су тапшылығын тартады?
8 жыл бұрын 9963 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары «Болашақтағы шөл: климаттың өзгерісі жағдайындағы балалар мен су» тақырыбында баяндама жариялады. Аталмыш баяндама авторларының ескертуіне қарағанда, 2040 жылға қарай әлемдегі балалардың 25 пайызы ауыз суға зар болады. Негізінен қарулы қақтығыс толас таппаған Эфиопия, Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судан және Йемен елдерін құрғақшылық жайлап, ахуал күрделі сипат алады. ЮНИСЕФ балалар қорының баяндамасында айтылғандай, биылдың өзінде бір ғана Эфиопияда 9 млн адам ауыз сусыз қалмақ. Оңтүстік Суданда, Нигерияда, Сомалиде, Йеменде 1,4 млн бала ауыз су мен азық-түлік тапшылығынан көктей солуы мүмкін. Авторлардың бірі  Николас Риза ауыз су тапшылығының орын алуына индустрияландыру және демографиялық өсім және урбанизация процесі өз әсерін тигізетінін айтып отыр. Бұл құбылыс Оңтсүтік Азия мен Таяу Шығыста қатты байқалатын болады.

Ауыз су тапшылығы тек кедей елдерді ғана қамтымайды. Иран – Таяу Шығыс елдерінің арасындағы экономикасы екінші орында тұрған мемлекет, соның өзінде, Лондон қаласында орналасқан Small Media коммерциялық емес ұйым баяндамасында айтылғандай, су рсурсының тапшылығын өткір сезінетін елдердің бірі болады. Small Media сарапшылары Иранның экологиялық ахуалының нашарлауына байланысты жабайы жануарлар жаппай қырылуы мүмкін. Бұған қоса, 1970 жылдары Иран аумағындағы ЮНЕСКО тізіміне енген Урмия көлінің биосфералық қорығы 88 пайызға кеміген. Бұған жиі қайталанған құрғақшылық пен су ресурсын тиімсіз басқару саясаты себеп болған.Нақтырақ айтқанда, көлде он бес шақырымға созылатын дамба тұрғызылған. Ол өз кезегінде көлдің экологиясына зиян келтіруде. Иран алғаш рет су тапшылығын 1999 жылы көрген болатын. Бұл жағдай он жылдан кейін тағы қайталанды: 2008 жылы жауын-шашын сирек түсті. Осыған қарамастан аталған суды үнемдеу шараларын қолға алмай келеді. Нақтырақ айтқанда, Иран билігі халықтың толқуынан қорқып, судың бағасын көтеруге асығар емес. БҰҰ мамандарының пікірінше, әлемнің 36 елі су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Ауа температурасының, теңіз деңгейінің көтерілуі, жиі болатын тасқын, құрғақшылық пен мұздақтардың шапшаң еруі тұщы судың азаюына себеп болып отыр. Оның үстіне, индустрияландырудың қарқынды жүруі мен демографиялық өсім сұранысты артып отыр. 

Ал коммерциялық емес WaterAid ұйымының мәліметінше, әлем бойынша экономикасы бесінші орынға көтерілген Үндістанда ауыз су тапшылығын тартып отырғандар қарасы 63 млн адамға жеткен. Ал Парагвай мемлекетінде 2000 жылдары ел тұрғындарының 50 пайызы ауыз су тапшылығын тартса, биліктің пәрменді шараларының нәтижесінде қазіргі уақытта 94 пайызы ауыз су тапшылығынан құтылған. 

0 пікір
Мұрағат