Енді балаларға олардың келісімінсіз эвтаназия жасау үшін күресіп жатыр
Енді балаларға олардың келісімінсіз эвтаназия жасау үшін күресіп жатыр
5 жыл бұрын 2473 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Голландия парламентінің төменгі палатасындағы партиялардың дені айықпас, ауыр сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндерге эвтаназия қолдану мүмкіндігін реттеуді жақтап отыр. Бүгінгі таңда эвтаназия тек 1 жасқа дейінгі нәрестелер мен 12 жастан асқан жеткіншектерге қолданылады. Таяуда жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, балалар дәрігерінің 84%-ы беті бері қараудан кеткен, яғни, ем қонбайтын 1-жастан 12 жасқа дейінгі балаларға эвтаназия қолдануды қолдаған. Аталған елдің денсаулық сақтау министрі Уго де Йонг (Hugo de Jonge) келесі жылдың бас кезінде ел билігі бұл мәселеге қатысты нақты шешімін айтатынын жеткізді. Бұдан бөлек, ол эвтаназия қолдану үшін пациенттің келісімі керек болатынын, ал балалардан мұндай келісім алынбайтынын да тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:

«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);

«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат