Жұмысында басшылықтан жәбір көргендер үшін жедел желі іске қосылды
Жұмысында басшылықтан жәбір көргендер үшін жедел желі іске қосылды
4 жыл бұрын 1628 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда жұмысында басшылық тарапынан қандай да бір кемсітушілікке ұшырап, орынсыз жәбір көргендерге, қысым көрсетілгендерге көмек қолын созу үшін жедел желі іске қосылды. Бұл жайында күншығыс елінің жалпы ұлттық әрі мемлекеттік телеарнасы мәлім етті. Бұдан бөлек, жедел желі жәрдеміне өзінің келісімінсіз артық жұмысқа жегілгендер де жүгіне алады. Жәбірленуші жедел желі арқылы адвокаттан кеңес ала алады. Естеріңізде болса, осыдан аттай он ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409#gsc.tab=0) атты материалымызды оқыған болсаңыздар, күншығыс елінде мұндай қызметтің қандай ділгірліктен пайда болғанын түсінесіздер. Бұған қосарымыз, қазіргі премьер-министр Синдзо Абэ кабинетінің алдына қойған басты міндеттердің бірі – осы жұмыс режимін реттеу. Жапонияның әлеуметтік дертіне айналған бұл қасіреттен қазіргі билік құтқара ала ма? Гәп  сонда. Яғни, Синдзо Абэ дәстүрге айналған жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға шамасы келе ме? Таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жапондық ерлер орташа есеппен алғанда айына 14,04 сағат артық жұмыс істейді. Ал әйелдерде бұл көрсеткіш – айына 8,36 сағат. Яғни, әйелдерге ерлер 1,6 сағат артық жұмыс істейді екен. Тіпті, бұл мәселе бойынша токиолық Donuts компаниясы жұмыс істеу уақыты мен жұмыс тапсырмасын орындау арасындағы тиімділікті анықтау үшін ел аумағындағы 133 компанияның 2263 қызметкеріне сауалнама жүргізіп те көрді. Жапонияда бүгінгі таңда қызметкерлердің тек 50,2% ғана еңбек демалысын пайдаланған. Осыған байланысты ел билігі бұл көрсеткішті келесі жылы – 2020 жылы 70%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осылайша жұмыс пен жеке өмір арасындағы балансты қалпына келтіруге күш салуда.

0 пікір
Мұрағат