Ең шығыны көп ғаламдық проблема аталды
Ең шығыны көп ғаламдық проблема аталды
3 жыл бұрын 1476 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат үшін шығыны ең көп ғаламдық проблема аталды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде S&P Global медиахолдингісіне жөн сілтеген Reuters ақпара ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат өзгерісінен 2050 жылға дейін әлемдік жалпы ішкі өнім мөлшері төрт пайызға кемиді. Соның ішінде, мұздақтардың еруіне байланысты теңіз деңгейінің көтеріліп, жағалаудағы шаруашылықтар мен қалаларды су астында қалдыруы, жиі қайталанатын аптап ыстық пен ұзаққа созылатын құрғақшылық, дауыл мен боранның көтерілуі әлемнің әр түкпірінде әрқалай жүреді, яғни, пропорционалды болмайды, осының кесірінен ең алдымен табысы төмен елдер климат дағдарысынан қатты зардап шегетін болады. Егер әлем қауымдастығы осы бастан бұл қатердің бетін жұмсартуға арналған шараларды қолға алса, аалған мерзімді әлемдік жалпы ішкі өнім мөлшерінің шығыны орташа есеппен алғанда 3,6 пайыздан артпайды. Мәселен, жаһандық жылыну қарқыны жоғары Азияның оңтүстігінде елдер жалпы ішкім өнімнің кем дегенде 10 пайызынан немесе 18 пайызынан айырылады. Бұдан бөлек, Орта Азия, Азияның шығысы, Африка құрлығы, Тынық мұхиты аймағы едәуір экономикалық шығынға батпақ. Климат дағдарысынан болатын экономикалық шығын Еуропада аталған аймақтармен салыстырғанда он есе аз болмақ.

0 пікір
Мұрағат