Электр энергиясына бір тиын шығын кетпейтін, қоршаған ортаға зияны жоқ экологиялық мешіт ашылады
Электр энергиясына бір тиын шығын кетпейтін, қоршаған ортаға зияны жоқ экологиялық мешіт ашылады
1 жыл бұрын 1356 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби әмірлігінде электр энергиясына шығынданбайтын аймақтағы алғашқы мешіт ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде GulfNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аумағы 2349 шаршы метрді алып жатқан ғибадат ғимараты 1300 адамға шақталған. Күн панелдері мешіттің электр энергиясына деген қажеттілігін толық, яғни, 100% қамтамасыз етпек. Бір қызығы, мұндай мешіттің қабырғалары саманнан соғылады. Ал терезелері құлшылық үйінің ішіне жарық мол түсетіндей етіп жобаланады. Қоршаған ортаға зияны мен залалы мейлінше аз жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылады. Дәрет алатын бөлме суды үнемдейтін құрал-саймандармен жабдықталған, пайдаланылған су өсімдіктерді суғаруға қолданады.

0 пікір
Мұрағат