Экономиканы әртараптандыруды мемлекетке масылдармен күрестен бастаған ел
Экономиканы әртараптандыруды мемлекетке масылдармен күрестен бастаған ел
6 жыл бұрын 2404 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби билігі жұмыссыздарға жәрдемақы беріп келген болса осы уақытқа дейін, енді мемлекетке алақан жайып, мойнына мініп алған жатып ішер жалқаулармен күресті оларға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатудан бастамақ. Мемлекет әділетсіздік танытпасы үшін әрі адам құқығы бұзылмасы үшін алдымен жұмыссыздарға үш ваканция ұсынып көреді. The National мерзімді басылымы хабарлағандай, ай сайын 6 мың дирхам (1634 доллар) жәрдемақы алып келген жұмыссыздар мемлекетке масыл тұлғаларға айналған. Әбу-Даби билігінің бұл қадамы Парсы шығанағындағы экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау) бағытында жасалып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, жұмыссыздарға жекеменшік сектордан да жұмыс ұсынылады. Мемлекеттік қызметтегілер жекеменшік сектордағыларға қарағанда жұмыс сағаты аз әрі жалақысы жоғары. Жексеншік секторда көбіне шетелдік жұмысшылар нәпақасын айырып жүр. Десе де соңғы уақытта аталған ел тұрғындары арасында жекменшік секторда істейтіндер қарасы артып келеді. 2016 жылғы мәлімет бойынша 2,9 млн халқы бар Әбу-Даби тұрғындары әмірліктердің 81%-ын құрап отыр. Біріккен Араб Әмірліктері ел тұрғындарының мемлекеттік қызметке жолатпаудың қамына мықтап кіріскен болатын. Әлеуметтік қамсыздандыруға кіріптар болып қалмасы үшін. Аталған елдің ұлттық агенттігі келтірген дерекке қарағанда, 2013 жылы Әбу-Дабиде 39 мыңға тарта адам 806 млн дирхам (219 млн доллар) алған әлеуметтік төлем ретінде. 2011 жылы бұл көрсеткіш төмен болатын: 25 300 адам 665 млн дирхам алған еді жәрдемақы ретінде. Бұл елдегі жұмыссызға берілетін ең төменгі жәрдемақы мөлшері отбасын құрмағандарға беріледі - 6 мың дирхам. 

0 пікір
Мұрағат