Екінші және үшінші бала үшін ақы төлеу жүйесіне көшті
|
Қытайдағы Сышуан провинциясына қарасты Паншжихуа қаласы – екінші және үшінші бала үшін субсидия төлеу жүйесіне көшкен алғашқы қала. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған ел соңғы халық санағының нәтижесінен белгілі болған елдегі демографиялық ахзуалды жақсарту бағытында нақты шараларды қолға алып отыр. Дәлірегі, бала үш жасқа толғанша айына 500 юан жәрдемақы төленеді. Бұған қоса, перзент күтіп жүрген отбасына жүктілік бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Жергілікті жұмыс берушіге тууды көтерлемелеп, ынталандыру шараларын міндеттейді, яғни, бала күтімі бойынша бірқатар қызметін ұсынуы тиіс. Аталған қала билігінің мұндай қадамға баруына ел экономикасын көтеруі тиіс халықтың едәуір бөлігінің қартаю процесіне байланысты еңбекке жарамды тұрғындардың жылдан жылға азаюы себеп болып отыр. Осы жылдың мамыр айында Қытай билігі әр отбасына үш балаға дейін өмірге әкелуіне ресми рұқсат еткен болатын. Осы орайда 1979-2015 жылдар аралығында Қытайда халық санының көбеюіне байланысты, дәлірегі, халық санының көбеюінен орын алатын жер, су, азық-түлік, т.б. ресурс тапшылығының алдын алу үшін «Бір бала – бір отбасы» демгорафиялық шектеу саясатын жүргізгенін айта кетпекпіз. Нәтижесінде елдегі демографиялық кері кетіп, туу көрсеткіші төмендеп кеткені белгілі болды. 2016 жылдың бас кезінен әр отбасына екі балаға дейін өмірге әкелуіне рұқсат еткен еді.
Ұқсас материалдар:
«Бір отбасына үш балаға дейін дүниеге әкелуге рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-otbasyna-ush-balaga-deiin-duniege-akeluge-ruqsat-etildi-15299/#gsc.tab=0);
«Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді?» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-qytai-halqyn-kopisinip-edi-qytai-halqy-azaisa-alemge-qandai-qauip-tonedi-15227/#gsc.tab=0);
"Халық санының кемуі қытай экономикасына кері әсерін тигізе алмайды. Себебі.." (https://islam.kz/kk/news/alem/halyq-sanynyn-kemui-qytai-ekonomikasyna-keri-aserin-tigize-almaidy-sebebi-15295/#gsc.tab=0);
"Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-bir-otbasy-bir-bala-sayasatynan-tubegeili-bas-tartpaq-14444/#gsc.tab=0)