ЕКІГЕ БӨЛІНГЕН КИПР МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БАР МА?
|
Еуропада 1974 жылдан бері уақыт тоқтап қалғандай көрінетін бір жер бар. Елсіз жерде бос қалған үйлер біртіндеп құлауға айналған, кезінде жап-жаңа жылтыраған автомобильдер шаң басқан автосалондарда тот басып жатыр. Бұрын халықаралық әуежайда тұрған ұшақтар күн сайын туристерді таситын, енді ешқашан ұшпайды.
Кипрдегі буферлі аймаққа қош келдіңіздер! 40 жыл бұрын Афиныдың бастамасымен төңкеріс болды, одан кейін аралға түрік әскелері басып кіреді, бұл жерді 160 шақырым бойымен жасыл сызық жүргізілді. Содан бері қаланың бойымен өтетін бұл демаркациялық сызық бұрынғы британ колониясын оңтүстік–грек, солтүстік–түрік аймақтарға бөліп жатыр. Шекараны БҰҰ-ның бітімгершілері қадағалап отыр, олардан басқа бұл жаққа ешкім аяқ баса алмайды.
Қақтығысты тоқтату мен екі бөлікті біріктіру үшін ешқандай әрекеттер жасалмады. Міне, 40 жылдан асса да, Кипрда статус-кво сақталып келеді. Бірақ, бәрі өзгеруі мүмкін. Саясаткерлер дипломаттар Женеваға барып, Кипр мәселесін шешуге ұмтылады. Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің орынбасары Алан Дункан өткен аптада Афины мен Анкараға барып, «Твиттер» парақшасындағы жазбасында айтылғандай, бұл қақтығыстың жақын арада шешілуінен үмітті. Мақсат бір мемлекетті, бірақ билік грек қауымының өкілдері мен түрік кипрліктерінен тұратын федеративті Кипрды құру. Алайда, барлық алдыңғы дипломатиялық әрекеттер өміршең федерацияның құрылуына бағытталған.
Келесі аптада екі тараптан жаңа келіссөздер жүргізіледі. Егер олар нәтижеге қол жеткізетін болса, онда келіссөз процесіне Кипрдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған Ұлыбритания, Грекия, Түркия елдерінің СІМ өкілдері қосылатын болады. Ұлыбританияны келіссөздерде сыртқы істер министрлігі Борис Джонсон және БҰҰ-ның жаңа бас хатштысы Антонио Гутерриш қатысатын болады. Егер бейбітшілік орнатуға мүмкін болған жағдайда келіссөз, тіпті, Ұлыбритания мен Грекияның премьер-министрі Тереза Мэй мен Алексис Ципрас, сондай-ақ, Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған да қатысушылардың қатарына қосылуы мүмкін. Осы демалыс күндері Мэй Эрдоғанмен осы тақырыпта әңгіме құрып, алдағы келіссөздер Кипрдың болашағын қамтамасыз етіп, барлық аумағында тұрақтылықты қалыптастыруға кепіл болады деген байламға тоқтасты. Өткен жылы күзде екі қауымның басшылары тағы да Женевада бас қосып, арал мәселесін шешуге талпыныс жасаған. Ол кезде тараптар бірқатар мәселеге қатысты уағдаластыққа қол жеткізгенімен, территориялық реттеу бойынша келісімге келе алмаған еді. Кипр Республикасының президенті Никос Анастасиадис пен түрік қауымының жетекшісі Мұстафа Акынджи осы жолы келіссөз жүргізуге шындап қызығушылық танытып отыр. Ал, келіссөзде нәтижеге жете алмаса, екі тарапқа да пайдасы болмайды. Женевада жүргізілген келіссөздер екі елге, сондай-ақ, Түркия мен Грекияның билігіне пайдалы болуы керек. Және оны Оңтүстік және Солтүстік Кипрдың тұрғындары қолдауы тиіс. 2004 жылғы жасалған келісімшарттан грек-кипрліктер бас тартты. Сондықтан, келіссөзге қатысатын қатысушыларды көптеген кедергілер күтіп тұр және жеңіске жетуге ешқандай кепілдік жоқ. Бірақ сонда да, дипломаттар үміттерін үзер емес. Бұл келіссөздер, ең алдыме,н Еуроодақ пен НАТО «бас ауруы» болған және Грекияның ара-қатынасын түзетуге бағытталған.