Эбола безгегінен опат болғандар саны 8 мыңнан асты
Эбола безгегінен опат болғандар саны 8 мыңнан асты
10 жыл бұрын 3234

Tengrinews ақпарат көзінің хабарына қарағанда, індет ошағына айналған Гвинеяда, Либерияда және Сьерра-Леонда Эбола безгенінен қаза тапқандар саны 8 мыңнан асып кеткен. Дәлірегі, аталмыш вирустан 8153 адам опат болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген мәліметі бойынша қаңтар айының 5-і күні аталған үш елде Эбола вирусын жұқтырғандар қарасы 20 656 адамға жеткен. Сьерра-Леонда соңғы үш күнде 88 адам осы вирустан көз жұмған. Эбола безгегі ең алдымен Гвинеяда өткен жылы – 2014 жылдың ақпан айында пайда болған еді. Көп ұзамай бұл індет Африканың батысында орын тепкен Либерия, Сьерра-Леон, Нигерия және Конго республикасына, Сенегалға тараған болатын. Сондай-ақ, бұл індет қарт құрлыққа жеткен еді. Атап айтқанда, Франция және Финляндия елдерінде байқалды. Айта кету керек, талай адамның өмірін жалмаған Эбола безгегіне қарсы вакцина әлі жасалған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Эбола безгегі әдетте осы вирусты жұқтырған адамның қаны немесе сілекейі және ол жанасқан заттар арқылы таралады. 

0 пікір
Мұрағат