Дүниежүілік банк: доллардың күні қараң немесе оның орнын қай елдің валютасы басуы мүмкін
|
АҚШ-тың соңғы уақыттағы сыртқы саясаттағы агрессиялық қадамдары мен орасан зор қарызына байланысты қазіргі уақытта әлем елдері доллардан бас тартуды талтылап жатуды басы артық әуре санайды. Долларсыздану процесі қарқын ала бастады. Мұны Дүниежүзілік банк секілді аса ірі халықаралық қаржы институттары да бақылай алмай қалды. Экономистердің сөзіне қарағанда, алдағы он жыл ішінде халықаралық қаржы жүйесі қатты өзгеретін болады. Қазірдің өзінде әлемдегі мәмілелердің 70%-ы ғана доллармен жасалады. 20% — еуромен, қалғаны қытайдың ұлттық валютасымен жасалады екен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осы жылдың наурыз айында Қытай ғаламдық энергия нарығында доллардың іргесін шайқайтын қуатты соққы берді. Нақтырақ айтқанда, мұнай фьючерс саудасын юанмен ашты. 1993 жылы осындай әрекетке барғанымен қытайлардың сол кездегі талпынысы зая кеткен еді. Қазіргі уақытта юан - Халықаралық валюта қорындағы үшінші маңызды валюта болып табылады. Қытай мұнымен ғана шектеліп қалмай, келесі бір қадамға дайындалып жатыр - мұнаймен жабдықтаушылармен ұлттық валютасы - юанмен есеп айырыспақ. Әзірге доллар үстем болғанымен алдағы он-он бес жыл ішінде юан әлемдегі мұнай нарығынан америкалық ақшаны ығыстырып шығуы мүмкін. Бұл арада сөз тек көміртектіге қатысты емес: өзге де екі жақты сауда қатынасында долларға орын қалмайды. Мәселен, өткен жылы Ресейдің халықаралық сауда саласындағы Қытайдың үлесі 15 пайызды құраған еді, биыл бұл көрсеткіш 17%-ға дейін артады. 2014 жылғы Ресей-Қытай келесімі бойынша арадағы тікелей сауда-саттық рублмен және юанмен жасалады. Бұл да доллардың позициясын әлсірететін қадам. Ал сәуір айында ирандықтар доллардан бас тартып, халықаралық есеп айырысуда еуроға көшкенін жария етті. Онсыз да бұл елде санкцияға байланысты доллар айналымда емес болатын. Еуропалықтар осыған байланысты Иран мұнайын еуроға сатып алуда. Сондай-ақ, Иран мұнайы үшін еуромен есеп айырысатын елдердің бірі - Үндістан. Аталған азиялық елдің экономикасы соңғы жылдары өсіп келеді. Биыл бұл елдің жалпы ішкі өнімі 7 пайызға артпақ. Экономикасының өсу қарқынын жоғалтпасы үшін мұнайға сұраныс артады аталған елде. АҚШ-тың одақтасы саналатын Түркия да доллардан бас тартуды көздеп отыр. Бұл ел де Иранмен арадағы кез келген мәміле бойынша өзара ұлттық валюталарында есеп айырыса бастады. Доллардан бас тартудың алғашқы қадамдардың бірі - АҚШ-та сақтаулы жатқан алтын қорын елге тасымалдай бастады (Түркия, Германия, т.б. Бұл турасында кезінде хабарлаған едік). Дүниежүзілік банк сарапшылары әлемдік қаржы жүйесінде доллардан бөлек тағы екі валюта халықаралық валютаға айналуы мүмкін екенін алға тартып отыр - еуро, юан. Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта АҚШ-тың сыртқы қарызы 20 трлн доллардан асып кеткен. Доллар әлемдік валюта мәртебесінен айырылса, АҚШ-тың ықпалы да кемиді.