Донор жатырды трансплантациялау отасы әлемде тұңғыш рет Саудияда жүргізілгені белгілі болды
Донор жатырды трансплантациялау отасы әлемде тұңғыш рет Саудияда жүргізілгені белгілі болды
1 жыл бұрын 794 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда екі баласы бар 40 жастағы әйел перзент сүйе алмай жүрген кіші сіңлісіне бала көтеруі үшін жатырын құрбан етті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Ұлыбританияда алғаш рет донор жатырды трансплантациялау отасы жасалды. Ота табаны күректей 17 сағатқа созылған және сәтті аяқталған. Өзге организмге қондырылған донор жатыр жатырқамай, барлық функциясын орындайтын қабілетте. Енді 34 жастағы әйел бала көтеру мүмкіндігіне ие болған. Осынау өзгеше отаға атсалысқан Ричард Смит есімді гинеколог-хирургтың айтуынша, туабітті жатыры болмағандықтан бала көтеруге мүмкіндігі жоқ әйелдің аналық безі сақталған. Бұл жайт өз кезегінде ЭКҰ көмегімен жұмыртқаны шығарып, жасанды ұрықтандыруға мүмкіндік берді. Алдағы айларда ұрықты жатырға көшіру жоспарлануда. Дәрігерлердің айтуынша, процедураның сәттілігі 80 пайызды құрайды. Жүктіліктің 37-ші аптасында босану кесарьтілігі арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді - донорлық ағзаға шамадан тыс күш түсірмеуге мүмкіндік беретін кезең. Сөз орайы келгенде әлем бойынша донор жатырды өзге организмге кіріктіруге арналған жүздеген операция жасалғанын және мұндай отаның Саудияда тұңғыш рет жүргізілгенін айта кету керек. 2000 жылы. Алайда, донор жатыр қондырылған әйелден оны алып тастауға тура келген. Қабынуға байланысты. 2014 жылы донор жатырмен алғаш рет бала көтерген әйел аман-есен босанған еді. Ал Түркияда донор жатырды трансплантациялау отасы алғаш рет 2011 жылы жасалған болатын. 

0 пікір
Мұрағат