Жыл кітабы анықталды
Жыл кітабы анықталды
14 күн бұрын 358 24.kz

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды 24KZ.

10 аталым бойынша үздік туындылар таңдалды. Жыл кітабы ретінде «Қазақстан тарихи тұлғалары» сериясы бас жүлдені жеңіп алды. Байқауда балалар әдебиеті, комикс, нон-фикшн, детектив, сатира, иллюстрациялық кітап, аударма мен, фантастика жанрлары, және үздік баспа анықталды.

«Мақсат – оқырман талғамындағы тың тақырыптар мен қазіргі буын сұранысын қанағаттандыратын шығармалардың жарық көруіне ықпал ету. Сондай-ақ баспагерлерді терең ізденіске ынталандыру», – дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: - Үшінші Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берген болатын. Міне, бүгін сол рухани күнді ұлттық деңгейде алғаш рет атап өтіп жатырмыз. Кітап – ақыл-ойдың қайнары, кітап ізгілік пен сұлулықтың жаршысы. Ол адамзат өркениетініңең ұлы жетістіктерінің бірі. Ғасырлар өтсе де кітаптың мән маңызы еш өзгерген жоқ. Керісінше, ол бүкіл әлемде интеллектуалды ұлт пен саналы қоғам қалыптастырудың кілтіне айналып отыр.

Раиса Қадыр, баспагер: - Баспагерлердің саны көбейді, кітап саны да көбейіп жатыр. Кітап шығару қазір трендте. Жазушыларымыз көп мотивация алып жазып жатыр. Ол өте жақсы көрініс. Мемлекет тарапынан күтетініміз, кітап оқыту идеологиясын күшейтсе.

 

0 пікір
Мұрағат