Діннен безгендер үшін өлім жазасы жойылады
Діннен безгендер үшін өлім жазасы жойылады
4 жыл бұрын 2429 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Судан билігі қылмыстық заңнамасына көптеген түзетулер енгізіп жатыр. Сондай түзетулердің бірі – діннен безгендерге қолданылатын өлім жазасынан бас тарту. Бұдан бөлек, судандық әйелдер балаларымен жолға шыққысы келсе, күйеуінен немесе отбасындағы қамқор ер адамның рұқсатын алу талап етілмейді. 1991 жылғы қылмыстық кодекске сәйкес исламнан бас тарту немесе діннен безу ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылып, ондай қылмыскерлерге тас боран жасалатын. Сенбі күні телеарнаға сұхбат берген Суданның әділет министрі Насредин Әбдібари қазіргі уақытта үкіметтің өзге де құқықтық ережелерді реформалау бағытында жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Конституциялық декларацияға енгізу үшін. «Біз Суданның қылмыстық заңнамасының 126-шы бабын алып тастадық әрі наным-сенім бостандығы мен азаматтықтағы теңдікті және заң үстемдігін қамтамасыз еттік»,- деп мәлімдеді ол. «Осы өзгертулердің барлығы заң алдындағы теңдікке қол жеткізуге бағытталып отыр. Біз қандай да бір кемсітушілікке бастайтын барлық бапты алып тастадық. Біз азаматтарымызға Судандағы адам құқығын бұзатын барлық заңды қолданыстан алып тастамайынша құқықтық реформаны жалғастыруға кепілдік береміз»,- деді мәлімдемесінде. Осылай дей келе ол әйелдер мен балаларға қатысты «кемсітуші» ережелердің барлығын жоятын жаңа отбасы заңнамасын әзірлеп жатқанын тілге тиек етті. Ол ол ма, елдені мұсылман еместерге ішімдік ішуге рұқсат берілетінін де жасырмады. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, Судан халқының шамамен үш пайызын мұсылман емес тұрғындар құрап отыр. Олардың дені христиандар, сондай-ақ, дәстүрлі африкалық наным-сенім жетегіндегі кеткендер. Бұған қоса, дүйім жұрттың көзінше дүрелеу тәжірибесіне тыйым салынды. Сонымен қатар, бұдан былай әйелдерді сүндеттеу де қылмысқа саналады, әйелдерді кемтар ететін мұндай тәжірибеге барғандар немесе мәжбүрлегендер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Судан билігі осылайша құқықтық төңкеріс жасап, елдің әлеуметтік өміріне түбегейлі өзгеріс енгізуді көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат