Діни жетекшілер неліктен бас қосты?
|
Ұлыбританияның иудей, христиан және өзге де наным-сенім жетекшілері Лондон мегаполисіндегі Риджентс-парк ауданында орын тепкен орталық мешітте өткен жұма күні бас қосып, Ардақты елші – Мұхаммед Мұстафаны (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) келемеждеп, карикатурасын жасап, мұқабасына шығарған Франциядағы Charlie Hebdo сатиралық басылымының ұжымын айыптады. Осы арқылы олар дінаралық татулықтың үлгісін көрсетіп жатқанда Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон еркін қоғамда өзге біреудің діни сеніміне тіл тигізудің қалыпты жағдай екенін мәлімдеп, айды аспанға бір-ақ шығарды. «Мен христианмын. Егер біреу Иса жайында мазақтап сөйлесе, маған бұл ауыр тиюі мүмкін. Алайда, осы әрекеті үшін одан кек алуға құқым жоқ», - деді ол америкалық CBS телеарнасына берген сұхбатында. Оның айтуынша, пресса біреулердің ар-намысына тиюі мүмкін материалды басуға құқылы, тек заңнан аттамаса болды. Оның ойынша, біреудің намысына тию заңнан тыс әрекет болып табылады.