«Діндер альянсы» әлемдегі бейбітшілік үшін форум өткізді
«Діндер альянсы» әлемдегі бейбітшілік үшін форум өткізді
10 жыл бұрын 2939

«Аспан мәдениеті, бүкіл әлемде бейбіітшілік үшін» халықаралық ұйымы Лондон мегаполисінде «Діндер альянсының» кеңсесін ашты. Осыдан кейін әлемдік діндер өкілдері қатысқан ауқымды жиын өтті. Ұлыбританиядағы «Діндер альянсының кеңесі» бейбітшілікті ұдайы насихаттап, осы елдің барлық аумағында дінаралық диалогты ұйымдастырады. Әлемдік діндер (ислам, иудаизм, буддизм, христиан) өкілдері қатысқан осынау маңызды жиында жер бетінде тыныштықты сақтау, бейбітшілік орнату мәселелерін қарастырды. Аталмыш шара өткен жылдың қыркүйек айында Сеул қаласында өткен Бейбітшілік саммитінің жалғасындай болып, бейбітшілік мәселелерін жаңғыртты. Осы жиын барысында әлемдік діндер өкілдері Бейбітшілік декларациясына қол қойып, әлемде бейбітшілік орнату үшін жұдырықтай жұмыла күш-жігер жұмсайтын болып келісті.

0 пікір
Мұрағат