«Дін қызметкерлерін аттестациялау туралы» заң қабылданды
«Дін қызметкерлерін аттестациялау туралы» заң қабылданды
4 жыл бұрын 1799 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы шетелде діни білім алып келгендерді аттестациядан өткізуді қарастыратын заң жобасын соңғы оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес қандай да бір террористік әрекетпен байланысты күмәнді істер (мәселен, лаңкестерге қаржылай қолдау көрсету, т.б.) бойынша күдікті тұлғалар діни ұйымды басқара алмайды әрі оның қызметіне араласа алмайды. Осы ел аумағында шетелден оқып келіп, бүгінде діни қызмет атқарып жүргендер аттестациядан өтпейді. Ал бүгінде шетелді діни білім алып жүргендер елге келген соң Ресейдің діни білім беретін орындарында қосымша курстен өтеді. Аталған заң нормаларының дәріс оқуға келген шетелдік діни қызметкерлерге қатысы жоқ.

0 пікір
Мұрағат