Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2
Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2
6 жыл бұрын 4387 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

(Басы мына сілтемеде: http://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0)

Депрессия екі түрге бөлінеді: эндогендік және психогендік. Алағшқы түрі эмоциалық қобалжулармен, толқулармен байланысты: адамның миында таза физиологиялық себептермен гормон тапшылығы туындайды. Дәлірегі, адамның сергектігіне, шаттығына жауапты серотин, домафин, норадреналин жетіспейтін болады. Мұндай күйзеліс психогендік түрге қарағанда ауыр өтеді. Десе де мұндай күйзеліске бой алдырған адам түбінде жазылып кетуі де ықтимал. Алайда, оған жылдарға созылатын ұзақ уақыт кетеді. Ал депрессияның екінші түріне келетін болсақ, адамның қандай да бір сыртқы факторларға, мәселен, жақынынан айырылу, жұмыстағы жағдайы, т.б. реакциясы. Күйзелістің бұл түріне ұшыраған адам әдетте психотерапиямен емделеді. Десе де медициналық көмек түбегейлі күйзелістен шығара алмауы мүмкін. Өйткені, адамның көзқарасы өзгермейді.

Әлі күнге әлемде адамның психикалық денсаулығына жеткілікті мән берілмей келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген  мәліметке үңілсек, күйзеліске бой алдырғандардың орташа есеппен алғанда шамамен 50 пайызы дәрігердің көмегіне жүгінбейді. Мәселен, адамның психикалық денсаулығына жауапкершілікпен қарайды деген батыс елдерінің өзінде, соның ішінде, АҚШ-та күйзеліске бой алдырғандардың шамамен 40 пайызы дәрігерге қаралмайды, ал Ұлыбританияда депрессия дертіне шалдыққан алты миллион адамның төрттен бірі ғана медициналық көмек алады. Әлем бойынша мемлекеттік бюджеттен орташа есеппен алғанда адамның психикалық денсаулығын сақтауға бар-жоғы 3 пайыз инвестиция ғана бөлінеді. Нақтырақ айтқанда, табысы төмен елдерде бір пайызға да жетпейді, ал дамыған елдерде бес пайызға дейін жетеді бұл көрсеткіш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары адамның психикалық денсаулығына бөлінетін қаржыны ұлғайтуды ұсынып отыр. Олардың есебінше, күйзелісті емдеуге немесе аталған дерттің алдын алуға бөлінген бір доллар әлем экономикасына 4 доллар болып қайтады. Осы орайда әлем экономикасының бүгінгі таңда депрессиядан жылына бір трлн долларға тарта шығын көріп отырғанын тағы бір мәрте естеріңізге сала кетеміз.

(жалғасы бар) 

0 пікір
Мұрағат