Дәуірлік тайталас: АҚШ-тың сәтсіздігі Қытайды қуатты армияға ие етті
Дәуірлік тайталас: АҚШ-тың сәтсіздігі Қытайды қуатты армияға ие етті
4 жыл бұрын 3095 Естай Божан

Байқап отырғанымыздай, АҚШ пен Қытайдың негізгі теке-тіресі Үнді-Тынық мұхит аймағында жүріп жатыр. Маңыздысы, бұл аймақтағы тайталас бір ғана сауда-экономикалық мүдделер емес, екі елдің түбірлі ұлттық мүдделері қамтуда. Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қауіпсіздігін де соның ішінде. Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттарды Қытайдың арта түскен әскери қуатын тежеудің түрлі шараларын жасауға тырысқан. Бірақ, америкалық әскери жетекшілер АҚШ-тың бұл бағыттағы әрекеттері нәтижесіз болғанын мойындай бастады. Құрама Штаттардың бұл сәтсіздігі Бейжіңнің мінез-құлқын өзгертті. Қуатты армияға және дамыған экономикаға ие болған Қытай ендігі жерде өзінің әлемдегі орынын қайта қарап, қазіргі замандағы халықаралық тұлғасын қайта құруға шабыттандырды. Оның нәтижесіне бүгін әлем елдері куә болып отыр. Бұл жайында qazaqtimes.com ақпарат көзінің саяси сараптамасын назарларыңызға  ұсынамыз. 

Сонымен, Қытаймен бәсекеге түсуде АҚШ-тың ең басты проблемалары неде? Қай тұста әлсіздік танытып отыр? Ірі держава ретінде Қытаймен бәсекеге түсуде АҚШ-тың басты проблемасы және алаңдаушылығы – байыптылықтың әлсіреуі. Бұны осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ Сенатының Қарулы күштер жөніндегі комитет алдында есеп берген Үнді-Тынық мұхиты қолбасшылық штабының командиры, адмирал Филипс Дэвидсон (Philips Davidson) растады. Дәстүрлі байсалдылық дегені не? Былайша айтқанда, Құрама Штаттар Бірінші жаһан соғысынан кейін үміткер, Екінші жаһан соғысынан кейін талассыз көшбасшы болып келгені бар. Лидер держава өзінің бәселесі Кеңес одағымен бақталаста байсалдылықпен одақтастарын ұйыстыру арқылы жеңіп шықты. Қытаймен бәсекеге түскен кезінде осы байсалдылықтың әлсірегені Трамп әкімшілігі кезінде анық байқалғандай болды. Уашингтон өзінің стратегиялық әріптесі Бейжіңді жекпе-жекке шақырғандай, бірқатар халықаралық келісімдерден шегініп, кейбір одақтастарымен де ынтымақтастықты әлсіретіп алды. Қазіргі Қытайдың экономикалық, ішкі-сыртқы саяси және әскери қуатынан алып қарағанда, бұл Құрама Штаттар үшін стратегиялық ағат басу болар еді. Енді көрініп отырғанындай, ондай жеке-дара қам-қарекет жеңіспен аяқтаған күнде де, АҚШ көп ұзамай өзінің лидерлік орынын үшінші бір державаға босатып беруі әбден мүмкін еді.

Тағы бір алаңдаушылық – Қытайдың өз орынын жедел алға жылжытуы. Яғни, Қытай үкіметі жақын жылдары өзінің даму стратегиясы жария еткенде «2050 жылға барғанда әскери, экономикалық, саяси тұрғыда шартсыз жаһандық көшбасшыға айналу» дегендей «Қытай арманын» алға тартты. АҚШ стратегтері қазір осы жыл көрсеткіштеріне күмәнмен қарайды. Былайша айтқанда, ҚКП өзінің мақсатын ары таман көрсеткенімен оны жүзеге асыруды бар күшін салып жеделдетіп жатыр деп алаңдайды. Бұған негіз жоқ емес. Пандемия кезінде Қытай өзін әлемдегі бірден-бір жоғары экономикалық өсімге ие ел ретінде көрсетті. Бұдан тыс қорғаныс қабілеті мен ғылым-техгиканы дамытуға жүйелі басымдық берді және мол инвестиция салуда. АҚШ көзімен қарағанда, қазір Қытай билігі өзінің амбициясын ашық білдіріп отыр және өзіне деген сенімділігін әйгілеуге тырысуда. Тіпті, өзінің түбірлі мүдделері үшін Құрама Штаттармен ашық қақтығыстан да тайынбаймын деген сыңай танытуда. Әрине, бұның өзі «бөрі арығын білдірмеудің» кебі ме, әлде шынайы ма, оның өзі таласты. Солай да, АҚШ үшін қақтығыс тәуекелдерінің қымбаттай бастағаны шын.

Қытаймен бәсеке кезіндегі АҚШ-тың негізгі әлсіздіктері қатарында саяси түзімдерін атауға болар еді. Құрама Штаттардағы бостандық және ашықтық принциптері көп жылдар бойы дамушы және дамыған елдердің де құбыланамасы болып келген. Бұл «Америка құндылығы» ретінде де Құрама Штаттар бас тарта алмайтын деңгейде. Ал, Қытайдың Коммунистік Партиясы ішкі репрессия мен агрессияв арқылы жабық және авторитарлық жүйені алға жылжытып келеді. Бір қарағанда барынша ашық әлем бұған қызыға қоймағанымен, тайталас тұсында ашықтық пен бостандық кейде Құрама Штаттардың өзіне шоқпар болып тиіп жатқаны шын. АҚШ-тың ашық қоғамына сыналап кірген Қытайдың жұмсақ күштерінің қуатын әлі ешкім толық бағалап үлгірген жоқ.

Бұған қоса, Үнді-Тынық мұхитында Қытай ықпалын тежеуіштер әлсіреді. Бұрындары АҚШ пен оның одақтастары Үнді және Тынық мұхитының еркін-ашық аймақтылығын оңай ғана қамтамасыз ете алған. Бұл күнде Қытайдың әскери мүмкіндіктері Оңтүстік және Шығыс Қытай теңіздерінде өзінің басым әлеуетін таныта бастады. Үнді және Тынық мұхиттың алып аймағы үшін бұл аталған екі теңіз тым кішкене көрінгенімен, сол екі теңіздегі тауар айналымы әлем сауда айналымының басым бөлігін ұстайды. Егер, АҚШ пен оның одақтастарында аса сенімді тосқауылдары болмаса, Қытай аймақта өзінің де ережелерін алға тартуы әбден мүмкін. Ал, ондай жағдай Қытайды тіпті де күшейтіп, тұтас жаһандық теңдессіз лидер болу ықтималдығын арттыра түспек. Жоғарыда атап өткен адмирал Филипс Дэвидсон Сенатқа берген жауабында: «АҚШ Қытаймен бәсекелесуде қақтығыстың алдын алуға күш салуы тиіс, бірақ АҚШ қақтығысқа да дайын болуы керек», – деді. Ол, сондай-ақ: «Үнді-Тынық мұхитындағы тосқауыл қуатымыз Бейжіңге өз мақсатына жету үшін әскери күш қолданудың ауыр шығынға алып келетінін дәлелдейтіндей болуы керек. Анығында, қақтығыстың алдын алу үшін бәрін жасауымыз керек, Біздің бірінші міндетіміз – бейбітшілікті сақтау, бірақ бәскелестік қатығысқа айналса, біз күресуге де, жеңіске жетуге де дайын болуымыз тиіс», – деген.

Үнді-Тынық мұхит аймағындағы жалпы жағдай

Бір қарағанда бұл аталған аймақта екі тарап – біртарабы Қытай, енді бір тарабында АҚШ пен оның одақтастары тұрғандай көрінеді. Шын мәнінде Қытай да бұл аймақта жалғыз емес. АҚШ пен оның одақтастарына қарсы Қытайдан тыс, Солтүстік Корея, Ресей және түрлі экстремистік ұйымдар мен қылмыстық топтар бар. Шығыс Оңтүстік және Оңтүстік Азия елдері болашақ қарқынды дамитын елдер қатарында бағаланып, әлемдегі ең ірі компаниялар осы өңірлерге өз өндірістерін ашып жатыр. Бұл осы алып аймақтың болашақ келбетін мүлде жаңа бейнеге ауыстырғалы отыр. Осыған ілесе оның жаһандық тұрақтылық пен дамудағы маңызы да арта түспек. Сондықтан да, Үнді-Тынық мұхиты аймағында әлемнің ірі державалары өз мүддесін алға жылжытуға мүмкіндіктер іздеп жатыр. 

 

ҚУАНЫШ  ЕДІЛХАНОВТЫҢ  ФЕЙСБУКТЕГІ  ПАРАҚШАСЫНАН: 

The Washington Post газетінен оқып едім, жойып жіберіппін, есімде қалғаны бойынша негізі мағынасын айтайын, өйткені Байденнің Қытайға көзқарасы қандай деген сұрақ әркімнің-ақ ойында тұрғаны анық.
Әлемде Саммит өте көп: G7, G20, ОБСЕ, АТЭС, ШОС, БРИКС, НАТО, т.с.с. деп кете береді.
АҚШ тағы бір Саммит ұйымдастырғалы отыр (атын ұмыттым). Оған АҚШ, Индия, Жапония және Аустралия енбекші. Биыл виртуальды түрде өтеді деп жоспарланып отыр, келесі жылдан бастап толыққанды Саммитке айналуы тиіс.
Байқап отырсыз ба - мүның бәрі Оңтүстік Тынық мұхиты аймағындағы елдер. Тағы да байқап отырғандарыңыздай, мұның арасында Қытай жоқ! Өйткені бұл Саммит - осы аймақтағы Қытай экспансиясына қарсы бағытталған.
Меніңше жағдай былай - АҚШ Қытайды дұрыстап қыспаққа алуы тиіс. Ол үшін Байден жұмысты алыстан бастап жатыр. Ең алдымен ол сол аймақтағы елдермен жақынырақ байланысып, тамырын тартып көріп, реті келсе тұзақтың аузын тарылта түсуі керек. Сосын біртіндеп, кейбірімен одақ құрып, кейбірімен оқу-жаттығулар ұйымдастырып дегендей, қақпанды жақындата бермей ме? Әйтпесе, понимайш ли, біресе Тайваньға, біресе Гонконгке қысым жасағысы келеді. Лаос сияқты елдерге қоқан-лоққы жасайды. Непорядок. Орнына қою керек. Кіммен ойнап жүргенін түсінбей жүр екен
0 пікір
Мұрағат