БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамын кеңейтуді ұсынды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамын кеңейтуді ұсынды
4 жыл бұрын 5448 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен ұлттар ұйымындағы Францияның тұрақты өкілі Николя де Ривьер Қауіпсіздік кеңесінің құрамын 25 мүше елге дейін кеңейтуді ұсынды. Ол бұл ұсынысын Бас Ассамблея мінбесінде тұрып білдірді. Оның айтуынша, Қауіпсіздік кеңесінің құрамын кеңейтуді Франция билігі мен халқы қолдайды. Қауіпсіздік кеңесінің құрамы тұрақты және тұрақты емес мүшелер есебінен де кеңейтуді ұсынды. Франция Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүшелікке лайықты көретін елдер қатарында Германия, Жапония, Үндістан және Бразилия бар. Ал тұрақты емес мүшелер қатарын африкалық елдермен толықтыруды құптайды. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кеткен артық болмас, қазіргі уақытта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамында 15 ел бар – олардың бесеуі тұрақты (вето қою құқығына ие), 10-ы екі жылда бір ауысып отырады.

0 пікір
Мұрағат