|
Ғалымдар әлемдегі алтынның көлемін есептеді
|
Алтынның көп бөлігі 1950 жылдан бері өндірілді. Бағалы металдың жартысына жуығы зергерлік бұйымдарды дайындауға пайдаланылады. Ғалымдар планетамызда қанша алтын өндірілгенін есептеп шықты. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңес дерегіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Осы кезге дейін қазып алынған алтындарды ерітсе, қабырғасының ұзындығы 21 метр болатын куб шығады.
2017 жылдың соңында әлемде өндірілген алтынның көлемі 190 040 тоннаны құрады. Бұл санаққа танымал тарихи жасанды заттар да қосылған.
Ғалымдардың есебіне қарағанда, 1950 жылдан бері жер астынан алтынның үштен екі бөлігі шығарылған. Сонымен қатар, бағалы металдың 47,7% зергерлік бұйымдарға жұмсалатыны белгілі болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)