Халал туризм индустриясы
Халал туризм индустриясы
4 жыл бұрын 2261 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың болжамына қарағанда, келесі жылы әлемдегі мұсылман туристердің қарасы 158 млн адамға, ал мұсылман туризм нарығы 2024 жылға қарай 274 млрд долларға жетеді. Ислами туризм индустриясына қатысты түзілген рейтингте аса ірі мұсылман елі – Индонезия көш басынан көрінген. Жакарта қаласында өткен халал туризм жөніндегі алқалы жиында сөз алған аталған елдің Орталық банк президентінің орынбасарыДоди Буди Уалуйо келесі 2020 жылы әлемдегі мұсылман туристер қарасы 2018 жылғы көрсеткішке қарағанда 18 млн адамға артатын тілге тиек етті. Мұсылман туристер үшін, тіпті, мұсылман емес елдерде де шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін мейманханалар мен мейрамханалар көптеп ашылуда. Сұраныстың артуына байланысты. Мұсылмандарға арналған қонақ үйлерде құбыланы көрсететін белгілер, әр бөлмеде намаз оқитын, дәрет алатын арнайы орындар, қасиетті Құран даналары бар. Мәселен, Индонезиядағы Airy қонақ үйлер желісін алайық. Индонезиялықтардың 60%-ы аталмыш қонақ үйлерді қолай көреді. Шариғат талаптары қатаң сақталатын қонақ үйлердегі тағамдар мен сусындар халал сертификатына ие, қонақ үй қызметкерлерінің киімі шариғат талаптарына сай тігілген. Бұдан бөлек, қонақ үйге тоқтаған ерлі-зайыптылардың ресми некеде тіркеуде тұратыны міндетті түрде тексеріледі. 2018 жылы мұсылман туризм нарығы 189 млрд долларды құраған, бұл көрсеткіш 2024 жылға қарай 274 млрд долларға жетпек. Болжам бойынша. Сөз соңында айта кетейік, сингапурлық CrescentRating туристік платформа 130 елді қамтыған мұсылман туризімінің индексін түзген болатын. Бұл индексте тағамның шариғат талаптарына сай болуы, ислами тарихи әрі мәдени орындардың болуы, ислами шаралардығ ұйымдастырылуы, саяхаттауға қолайлығы, т.б. өлшемдер қаперге алынған еді.

endo 1.jpg

endo 2 sofyan hotel.jpg

endo 4 sofyan hotel.jpg

0 пікір
Мұрағат