Босқындар неге Еуропаны таңдады?
Босқындар неге Еуропаны таңдады?
9 жыл бұрын 5504

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметіне қарағанда, 1 миллион адам босқын атанған. Өткен жылдың үшінші тоқсанында шамамен 415 мың адам Еуропадан баспана сұраған. Бұл дерек Еуростат баяндамасында айтылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы өткен жылмен, яғни, 2014 жылдың барлық тоқсанын қоса санағандағы көрсеткіштен екі есе көп. Қазіргі уақытта баспана сұрауға қатысты 800 мыңға тарта өтініш қаралу үстінде. Көші-қонға байланысты ресімдеулер оңайтылған және шұғыл шаралар қолға алынған күннің өзінде босқындар бұл мәселенің жауабын бір жылдан аса уақыт күтуіне тура келеді. Босқындардың әр үшіншісі соғыстан көз ашпаған Сириядан келгендер құрайды. Ал босқындардың әрбір алтыншысы тұрақсыздық жайлаған, экономикасы шатқаяқтаған Ауғанстан мен Ирактен келгендер. Ал енді басты сауалымызға келсек, босқындар неге Еуропаға ағылуда? Біріншіден, Сириямен шекараласып жатқан көршілес Түркия мен Ливанда және Иорданияда босқындар саны рекордтық көрсеткішке жеткен, яғни, аталған елдерде 2 млн-ға жуық босқын бар (Сирияның әрбір төртінші тұрғыны). Босқындар лагерінде жарқын болашақ, яғни, перспектива жоқ болғандықтан босқындардың дені бастарын қатерге тігіп, тұрмысы жайлы елдерге ағылуда. Оның үстіне, Еуропадағы жайлы өмір, әсіресе, соның ішінде босқындар саны көп Германияда барынша босқындарға қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл елде тіркелу, уақытша баспана алу, жәрдемақы алу, азаматтық алу Еуропаның өзге елдеріне қарағанда оңайырақ. Сөз реті келгенде айта кетейік, кейбіреулер еңбек мигранттарын босқындармен шатастырып жатады. Босқынның мәртебесі бөлек екенін ескере бермейді. Босқын – белгілі бір себептермен (соғыс, репрессия, геноцид, аштық, т.б.) еріксіз елінен кетуге мәжбүр болған адам. Ал еңбек мигранты ең алдымен елдегі кедейлік пен жұмыссыздыққа байланысты өзге елден нәпақа іздейтін адам.

0 пікір
Мұрағат